Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкіміне сәйкес жоғары оқу орындары арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2, 4, 8 қосымшаларының талаптарына сәйкес құжаттарды тапсырады.