Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17800 болып тіркелді.

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17800 болып тіркелді.

       Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.10.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16 - бабы 3 - тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 5.1.1, 5.1.2, 5.1.3 және 5.1.4 тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, , еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 23.10.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бірнеше бұйрықтарының күші жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3)осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты нақты жарияланған күннен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

Е. Сағадиев

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, "100/200" қағидаты бойынша "Жас маман" жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 июня 2023