Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 497 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31134 болып тіркелді

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул
кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде
жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 497
бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15
желтоқсанда № 31134 болып тіркелді
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-1) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоса беріліп отырған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің
білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру
тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және
жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа)
көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім
департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз
етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі А. Аймагамбетов

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 июня 2023