Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді.

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №
355 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29
тамызда № 15584 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдарда қамқоршылық
кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде
мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің
жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың
үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектептен тыс қосымша білім беру
ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары
және оны сайлау тәртібі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық
кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
бекітілсін.

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
17 июня 2023