Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы

Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың
мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысы.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 799 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 7-тармағын іске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.10.2022 № 799 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік
стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.28 № 266 (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Қаулысымен.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми
жариялануға тиіс.

Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы
Дата публикации
17 июня 2023