Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2020 жылғы жазғы кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың "Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!"- " Дети-Казахстана – наполним лето радостью!» тақырыбында іс шаралар жоспары жасалды.
2020 жылғы 27 мамырда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жазғы демалыс кезеңінде су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құтқару жабдықтарының, судағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттық стенділердің болуы мен жай-күйі туралы семинар өткізді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 29 мамырында білім басқармасының ұйымдастыруымен бейнебайланыс режимінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша вебинар ұйымдастырылды. Вебинарға аудандардың және қалалардың білім бөлімдері және баланың бос уақытына жауапты барлық мүдделі ұйымдар қатысты.
Алайда еліміздегі коронавирустық жағдайға байланысты, Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 13 маусымдағы №20-ПГВр қаулысымен балалар сауықтыру лагерлері мен мектеп жанындағы сауықтыру лагерлерінің жұмысына тиым салынды.
Жазғы кезеңде облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы және облыстық, аудандық қосымша білім беру орталықтары қашықтық форматта шаралар жоспарын бекітіп, өткізуде. Сонымен қатар онлайн форматта "менің әкем", "менің отбасым" байқаулары мен челендждері, "Алтын қазына" балалар шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнерінің облыстық сырттай көрмесі, 5-6 сынып оқушылары үшін "Мың бала" ұлттық олимпиадасы, кіші сынып оқушылары арасында "Бастау" математикалық турнирі ұйымдастырылады.