Мектептегі тамақтандыру

Тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалған орта білім беру ұйымдарында тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды дәруменді тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі.

2020  жылғы  5 наурыздағы  жағдай бойынша облыстың 350 (94%) мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылып, онда 76534 (73%) оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

Соның ішінде тегін ыстық тамақпен 63492 (75,3%) оқушы қамтылды. Аз қамтылған отбасының 16093 (99,4%) балалары және 47399 (99,4%) 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін бір реттік мектептік тамақтандырудың  құны облыс бойынша орта есеппен 230 тг құрайды.

Мектеп асханаларын автоматтандыру аясында облыс мектептерін қолма қол ақшасыз есеп айырысуға көшіру жобасы жүзеге асырылды. 

Аталмыш жоба бүгінгі таңда Орал қаласының 11 мектебінде іске қосылып, нәтижесінде бюджет қаражатының ашықтығын және ата-ананың баласының буфетке жұмсаған қаражатын жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік туғызды. Облыстың қалған мекттептерінде қолма қол ақшасыз есеп айырысуға көшу кезең кезеңмен жүргізіледі.

Тамақты ұйымдастыру
Дата публикации
23 июня 2020