Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлама

Кәсіпкерлік субъектілерін жұмылдыру, тарту, қатыстыру мақсатында, сондай ақ Қазақстан Рспубликасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 12 тармағына сәйкес, «Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» ММ-сі   «Қалалық, аудандық мектепке дейінгі  білім беру мекемелерін сенімгерлік басқару, құрал –жабдықтарын ауыстыру және күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» МЖӘ-нің жоспарланып отырған жобасы туралы мүдде білдіру туралы хабарлайды.

Жобаның іске асыру орны: Батыс Қазақстан облысы, «Қалалық, аудандық балабақшалар».

Жобаның міндеті мен мақсаты: Жобаның мақсаты балабақшаға сапалы қызмет көрсету және күрделі,  ағымдағы жөндеуден өткізіп, тозығы жеткен  құрылғыларын жаңаға ауыстыру болып табылады.

Мемлекеттік әріптес:

Мемлекеттік тапсырыс орнату

Жеке әріптесті айқындаудағы болжалды тәсілі:

Жеке әріптесті Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі» туралы Заңның 31-бабына сәйкес  конкурс тәсілімен айқындайды.

            МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 8 - 10 жыл аралығы (2023-2032 ж.).

            Жеке әріптес:

-жобаны іске асыру үшін өз қаржы көздерін тартады;

-балабақша ғимаратына күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

-балабақша ғимаратына жетіспейтін құрылғыларды сатып алу мен тозығы жеткен құрылғыларды жаңаға ауыстыру;

-МЖӘ объектісіне пайцдалану қызмет көрсетуге дайындау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізеді.

Соңғы ұсыныстар беру мерзімі  5.08.2022 дейін.

Анықтамалар үшін: «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-сі, мекенжайы: Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72, каб 213, тел: +7 (7112) 26 04 78, электрондық пошта: ekonomuozko@mail.ru, бөлім басшысы Мендіғалиева Клара Жардемқызы.

 

Дата публикации
29 июля 2022