Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтың қызметін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар

Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ (бұдан әрі – Сараптамалық топ) тамақтану сапасын мониторингтеу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялардың) қызметінің тиімділігіне жүйелі талдауды жүзеге асырады және балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Сараптамалық топтың міндеттері:

- бракераждық комиссиялар қызметінің мониторингі;

- балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылау;

- өңірдегі балалардың тамақтануын ұйымдастыру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

- байқаушылар ретінде қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық комиссияға қатысу;

- өңірдің білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

- балалардың дұрыс тамақтануын насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өрескел бұзған қызметтерді жеткізушілердің есебін жүргізу.

Тамақтандыру
Дата публикации
14 марта 2022