Көрсетілген мемлекеттік қызметтер қорытындысы бойынша талдама

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер қорытындысы бойынша

талдама

(2021 жылдың 1-ші тоқсан  жағдайына)

 

         Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» №88-V Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2021 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша жалпы 14111 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 76;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 2421;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны - 11614;

- «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны - 1489;

- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 386;

Бүгінгі таңда Білім басқармасында 34 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  Басқарманың тиісті бөлімдердегі жауапты мамандарға есептік жазба ашылып, қызметтер халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қабылдануда. Нәтижесінде қағаз түрінде қабылданған қызметтер саны едәуір азайып отыр.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау

Басқарма басқармасы 2020 жылдың 23 желтоқсандағы №706 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспары бекітілген болатын. Алайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жоспарын бекіту туралы жылдық жоспары негізінде басқарманың ведомствоға бағынысты ұйымдарына 7  ішкі мемлекеттік бақылау шарасы өткізілуі қажет.  2021 жылдың 1-тоқсанында 2 ішкі мемлекеттік бақылау шарасы өткізіліп, 2 ұсыныстар жолданды.

Бүгінгі күнге «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды алу бағытында 5 бөлімдермен түсіндірме іс-шаралар (дөңгелек үстел, семинарлар т.б.) ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

 «Өзі-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары арқылы  барлығы 1342 астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылдың 1-ші тоқсанына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау бойынша үш жақты  бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес басқармадағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет және қызметке электронды түрде қол жеткізу туралы бейнеролик түсірілу жоспарлануда, түсірілгеннен кейін басқарманың ресми интернет желісінде жарияланады.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың  арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта басқарманың мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерінде тұрғындардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары үшін арнайы жәшіктер орнатылды. Күні бүгінге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз-шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, электрондық цифрлық қолтаңба санын арттыру бағытындағы жұмыстар жүргізіледі.

        

Дата публикации
28 апреля 2021