2020 жылғы 2016-2020 жылдарға арналған БҚО аймақты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ

2020  жылғы 2016-2020  жылдарға арналған БҚО аймақты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының орындалу барысы туралы

АҚПАРАТ

         Білім беру саласында 2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы аумағын дамыту бағдарламасы 4 нысаналы индикаторлар бойынша  «Білімнің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету» мақсатына қол жеткізуді болжайды.

1) «PISA тестісінің нәтижелері бойынша мектептегі білім берудің сапасын бағалау» нысаналы индикаторы.  

PISA тестісінің нәтижелері бойынша орта білім беруді бағалау 3 жылда 1 рет өткізіледі (2018,2022,2025 жылдары).

2) «Дуальды оқытумен қамтылған техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының білім алушылар үлесі» индикаторы.

     2020 жылы 34 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызмет жасады (оның ішінде 24 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес ұйымдар) оларда оқитындардың жалпы контингенті 16953 адамды құрады.

   Мамандарды дайындау саласында колледждер мен әлеуметтік серіктестер арасында ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасуда.

   Облыста 17 мемлекеттік және 5 жекеменшік колледждерде дуальді оқытуды енгізілді. Мамандарды даярлау 2138 адам контингентімен технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы, білім беру салаларында 29 мамандық бойынша жүргізіледі.

     Облыстың Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дуальды оқыту нысанын пайдаланатын 22 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы анықталды.

     84 кәсіпорынмен 92 шарт пен келісім жасалды, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтеді. Колледждердің негізгі серіктестері "Трансформатор зауыты" АҚ, "Стройкомбинат" ЖШС, "Агрореммаш" АҚ, "Балзия" ЖШС және басқалары.

       Дуальды оқыту форматы тек техникалық білім беру саласында ғана қолданылады.

3) «Жұмыс істеп тұрған апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер саны» индикаторы жоспар бойынша 8 болса, іс жүзінде - 9 бірлікті құрады.

       2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бойынша орта білім беру ұйымдарының желісі 379 күндізгі, 3 кешкі мектеп, 3 жеке мектепті құрады.

    303 (79,9%) мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп 1990 жылға дейін салынған, жоғарыда жасалған талдауларға сәйкес пайдалану кезеңі тиісінше 20 жылдан асады.

       Облыста 3 үшауысымды мектеп (Орал қаласында №18 ЖОББМ, Теректі ауданында Подстепной қазақ ЖОББМ, Бөрлі ауданы Ақсай қ. №7 ЖОББМ).

       2020 жылы шетел инвестициясы есебінен 450 орындық мектеп ғимараты пайджалануға беріліп, эстетикалық бағыттағы гимназияның үшауысымдылығы жойылды.

    2020 жылы 2 мектептің (№10, №47 ЖОББМ) үшауысымдылығын жою мақсатында Зашаған кентінде 900 орындық мектеп пайдалануға берілді.

     Облыс бойынша 6 апатты жағдайдағы (Орал қ. №33 ЖОББМ, №31 ЖОББМ, Қазталов ауданы Казталов ауылы А.Оразбаева атынд.ЖОББМ, Жұлдыз ауылы Хұсайынов атын. ЖОББМ, Сарықұдық НМ, Ақжайық ауданы М.Өтемісов атын.ЖОББМ) жұмыс жасайды.

      2020 жылы Ақжайық ауданының Чапаев ауылында Абай атындағы гимназияның апаттылығына байланысты 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

     Апатты мектептердің орнына 3 мектептің құрылысы жүргізілуде (Орал қ. 300 орындық №33 мектеп, Қазталов ауданында 60 орындық Сарықұдық НМ, 600 орындық А.Оразбаева атындағы мектеп).

     2020 жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде РБ және ЖБ есебінен 5 білім беру нысанын күрделі жөндеуге (Бөкей ордасы ауданы-1, Бәйтерек ауданы – 3, Тасқала ауданы – 1) 1,1 млрд.теңге (РБ 917,4 млн. теңге, ЖБ 192,7 млн. теңге) бөлінді.

    Сонымен қатар, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 27 нысанды (24 мектеп, 2 балабақша, 1 ЖБО) күрделі жөндеуге 7 млрд.теңге бөлінді (Ақжайық ауданы – 1, Бөкей Ордасы – 5, Бөрлі – 2, Жаңақала – 2, Жәнібек – 3, Казталов – 1, Қаратөбе – 3, Сырым – 2, Тасқала – 2, Теректі – 2, Шыңғырлау – 1, Орал қаласы – 3 нысан).

4) «Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» индикаторы - 100% -  жоспарлы мәні орындалды.

     Облыстың мектепке дейінгі ұйымдар желісі 515 бірлікті (30143 бала) құрады, оның ішінде 209 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым (20907 бала), 78 жеке балабақша (4853 бала), 223 мемлекеттік шағын орталық (4100 бала), 5 жеке шағын орталық (283 бала).

2020 жылы 837 баланы қамтыған 12 жеке балабақша ашылды.

        Мектепке дейінгі ұйымдармен және мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 3 – тен 6 жасқа дейінгі балалар саны 31833 баланы құрады (балабақшаларда – 23316, мектепалды сыныптарда-8517).

       2021 жылғы 1 қаңтарға мектепке дейінгі ұйымдарда орын алуға кезекте 15108 бала тіркелген, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 2013 бала, олар жеке мектепке дейінгі ұйымдарға барады және бір мезгілде мемлекеттік балабақшаларға жолдама алу үшін кезекте тіркелген.

      «2016-2020 жылдарға арналған аймақты дамыту бағдарламасының» жүзеге асырылуын талдау нәтижесі 2020 жылға жоспарланған 4 мақсатты индикаторларың 1-іне қол жеткізілмегенін көрсетеді. 

2020 жылғы 2016-2020 жылдарға арналған БҚО аймақты дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шараларының орындалу барысы туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
01 марта 2021