Сессияда өздеріңізге ағымдағы жылдың 9 айында ауданды экономикалық-әлеуметтік дамыту бағытында атқарылған жұмыстармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2020 жыл әлем халқы үшін мүлдем болжанбаған экономикалық ауытқуларға толы жыл болды. Наурыз айында басталған пандемия тұтас елдің экономикалық бағдарын өзгертіп, қайта жоспарлауға мәжбүр етті. Елде төтенше жағдай жарияланған кезде ауданда жедел штаб құрылып, өте күрделі шешімдер қабылдауға тура келді. Алдымызда көктемгі егіс науқанын жоспарға сай орындау үшін шаруаларға қолайлы жағдай жасау міндеті тұрды. Ауылдарға азық-түлік жеткізудің өзі үлкен мәселеге айланған кездер болды. Қиындықтар өтеді, кетеді, ал елдің ертеңгі болашағы үшін табанды қызмет жасау ерге сын.
Елімізде қалыптасқан аса күрделі жағдайды халқымыздың бірлігі, еңбексүйгіштігі және қиындықты жеңуге деген жігерінің арқасында еңсеріп келеміз.
Аудан бюджеті
Бір жылға бекітілген бюджет – 9,8 млрд
Бір жылға түзетілген бюджет – 18,8 млрд
Меншікті кірістерінің түсуі - 2 436 246,0
РБ және ОБ трансферттерінің түсімі – 12, 8 млрд
Бюджеттің орындалуы - 12 360 853,4 яғни - 98,3 %
Ауыл шаруашылығы: Өсімдік шаруашылығы
Көктемгі егіс жұмыстарына ауданның 194 дәнді және 63 көкөніс картоп шаруашылықтары қатысты. Ағымдағы жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егістік алқабы - 230,2 мың га., құрады.
2021 жылғы егіске күздік дақылдар егуге 55 мың га жоспарланды. Жалпы меморандум 100 % пайызға орындалды.
Егіс жинау
Қазір аудан бойынша күздік дақылдар жинау жұмыстары аяқталып, жаздық егін орағы аяқталуда. 52 234 га күздік бидай жиналды, өнімділігі 23,0 ц/га, алынған өнім 120197,3 тн.
Күздік қара бидай 2,9 мың га жиналды, өнімділігі 18,3 ц/га, өнім 5488 тн. Жалпы күздік дақылдар 55,2 мың га жиналып орташа өнімділік 22,8 ц/га болды.
Жаздық бидай 55,4 мың га орылды, өнімділік - 6,8 ц/га, өнім 37 546 т.
Арпа 15 мың га жиналды, өнімділік - 6,7 ц/га, өнім 10 мың т.
Картоп 400 га жиналды, өнімділік - 150,0 ц/га, өнім 6 мың т.
Көкөніс 640 га жиналды, өнімділік - 150,0 ц/га, өнім 9,6 мың т
Бақша 440 га жиналды, өнімділігі - 160,0 ц/га, өнім 7 040, тн.,
2021 жылға күздік дақылдардың егісі
Ауданда күздік дақылдардың егілген көлемі – 47 462 га, соның ішінде күздік бидай – 44 772 га., қара бидай – 2 690 га.
Мал азығын дайындау
Ағымдағы жылы аудан бойынша шабындық жерлердің жалпы көлемі – 200 мың га. Ауданда қыстаққа қажетті шөп - 110 900 тоннаны құрайды. Биыл барлығы 191 мың га шабылды, орташа өнімділігі 5,5 ц/га, 111,2 мың тонна шөп шабылып, жоспар 101% орындалды.
Мал шаруашылығы
2020 жылғы тамыз айындағы көрсеткіш бойынша мал басы:
ІҚМ басы- 43738 бас. 98,7 %
Оның ішінде сиыр - 19604 бас. 106,2 %
Қой мен ешкі - 67380 бас. 97,5 %
Жылқы - 7270 бас. 113,8 %
Шошқа - 12491 бас. 88,1 %
Түйе - 10 500 %
Құстар - 927357 дана 104,4 %
Өндірілген өнім:
Ет – 9 941,8 тонна 114,0 %
Сүт – 21 013,3 тонна 100,2 %
Жұмыртқа – 35, 3 мың дана 99,9 %
Асыл тұқымды мал сатып алу
"Сыбаға" бағдарламасы бойынша бүгінгі күні 365 бас ірі қара мал импорттық төлін сатып алу үшін 226 млн.теңге сомасына мал сатып алу үшін несие алу мақұлданды. («Керемет» шаруа қожалығы - 240 бас, «Rik LTD» ЖШС-125 бас)
Субсидиялау
2020 жылы мал шаруашылығы саласын субсидиялауға - 207,5 млн. теңге сомасында өтінімдер берілді, 207,5 млн.теңге төленді.
Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау 2020 жылы барлығы – 155 млн теңгені құрады, оның ішінде гербицидтердің құнын субсидиялау бойынша – 35, 7 млн теңге, тыңайтқыштар бойынша - 119 млн теңге.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 01 шілдеде 11 706,7 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда - 120,7 % құрады. Нақты көлем индексі 107,9 % құрайды. 2020 жылы 968,5 млн. теңге несие игерілді:
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
Аудан бойынша 2756 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (387 бірлік заңды тұлғалар, 1374 бірлік жеке кәсіпкерлер және 995 бірлік шаруа қожалықтар). 2343 шағын және орта бизнес субъектілері әрекет етуші болып табылады, немесе тіркелгендер санынан 85,0% .
Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 6286 адамды құрап отыр. Ауданда әрекет етуші 29 шағын цехта 309 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы 522,9 млн. теңге құрап отыр. 2020 жылы шағын және орта бизнес саласында жаңадан 877 жаңа жұмыс орны ашылды, жоспар (1030) орындалуы 85,1 % құрайды.
Биыл ауданға мемлекеттік бағдарламалар арқылы 6 млрд 832 млн. теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ:
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2 млрд 686 млн теңге бөлінді. Құрылған жұмыс орны – 698
Зеленое мектебін реконструкциялау жұмысына – 215,6 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны –54)
Дариян ауылында жол құрылысына – 418 млн. тг
(Құрылған жұмыс орны – 104)
Мичурино ауылында жол құрылысына - 637,6 млн. тг
(Құрылған жұмыс орны – 159)
Асан ауылында жол құрылысына – 1 млрд 275 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны – 318)
Көшім ауылында кәріз жүйелерін күрделі жөндеуге – 19 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны – 4)
Щапово ауылында кәріз жүйелерін күрделі жөндеуге – 19,3 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны – 4)
Достық ауылында кәріз жүйелерін күрделі жөндеуге – 72,4 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны – 18)
Новенький ауылының су құбырын күрделі жөндеуге – 29,3 млн.тг
(Құрылған жұмыс орны – 7)
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 1 млрд 735 млн тг бөлінді. Құрылған жұмыс орны – 207.
Переметное а/о Калинино ауылында су құбырын күрделі жөндеуге – 45,3 млн. (Құрылған жұмыс орны – 14)
Камен мектебін күрделі жөндеуге - 347 млн тг. (Құрылған жұмыс орны – 98)
(Республикалық бюджеттен 275 млн теңге, облыстық бюджеттен 71 млн теңге).
Батурин мектебін жөндеуге 177 млн тг. (Құрылған жұмыс орны – 50)
(Республикалық бюджеттен 140,5 млн теңге, облыстық бюджеттен 36,5 млн тенге)
Переметный жолдарын күрделі жөндеуге – 1 млрд. 272 млн. тг.
(Құрылған жұмыс орны – 45)
«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 1 млрд 86 млн тг бөлінді. Құрылған жұмыс орны – 40
«Ростошинский ХПП» Белес ауылына 9 км жол -179,7 млн. тг.
(Құрылған жұмыс орны – 9)
Достық ауылына кіреберіс 8 км жол - 158,9 млн. тг.
(Құрылған жұмыс орны – 8)
«Переметный – Вечный» Железнов Шалғай ауылына 24 км жол – 482,3 млн. тг (Құрылған жұмыс орны – 13)
«Переметное-Цыганов» Зеленое ауылына 13 км жол – 260,3 млн. тг
(Құрылған жұмыс орны -10)
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде – 1 млрд 323 млн тг.
Құрылған жұмыс орны – 32
Мичурин а/о Октябрьский ауылы су құбырының құрылысына – 314 млн.тг.
(Құрылған жұмыс орны – 12)
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша
Мичурин а/о Асан ауылы су құбырының құрылысына – 463 млн тг.,
(Құрылған жұмыс орны – 5)
Үлкен Шаған ауылы су құбырының құрылысына – 545,9 млн.теңге.
(Құрылған жұмыс орны – 15)
"2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы
Жыл басынан бері жұмысқа орналастыру шаралары бойынша - 1144 адамға көмек көрсетілді.
Аудан бойынша мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында 19 жоба жүзеге асырылуда. Жобаларға 374 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, нақты 385 адам жолданды, ол 102,9% құрайды.
«Бизнестің жол картасы - 2025»
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы соммасы 198,0 млн. теңге болатын 3 жоба мақұлданды. 2017 жылдан бастап "Бастау Бизнес" жобасы жүзеге асырылуда. Жоба іске асырылғаннан бері барлығы 727 адам оқытылды, оның ішінде 2020 жылы 97 адам.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:
- экономикалық белсенді халық - 31635 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 52,4% құрайды. (60356 адам);
- әр түрлі қызмет саласында 30813 адам жұмыс істейді;
Жыл басынан бері жұмысқа орналасуға -1507 адам өтініш білдірді.
Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 668 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 357 адам жіберілді.
Жұмыспен қамту органдары арқылы 787 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындары – 48 адам.
Жастар тәжірибесі – 91 адам.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне – 877 жаңа жұмыс орны құрылды.
Ресми жұмыссыздық деңгейі – 2,1%.
Тұрғын үй-жайы
Ағымдағы жылдың ақпан айында Калинин ауылында 24 пәтер бөлінді, соның ішінде 16 көпбалалы отбасылар, 8 әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға берілді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорыннан тұрғын жайды алу кезегінде тұрған азаматтардың саны 538 адам.
Автомобиль жолдарын күтіп ұстау
2020 жылы автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 150 000,0 мың теңге бөлінді.
Бәйтерек ауданының аумағында 852,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, соның ішінде елді-мекендерге кіре беріс жолдар- 384,3 км, ауылішілік жолдар - 468,2 км (926 көшелер).
Газдандыру
Газдандырылған елді-мекендер саны - 50. Ондағы тұрғын саны - 58299 адам. Бұл аудан халқының - 97,1 %-ы. Газдандырылмаған елді-мекендер саны -18. Тұрғын саны - 1726 адам, бұл аудан халқының 2,9%-ы.
Білім беру
Ауданда 46 күндізгі мектеп бар, оның ішінде 30 орта, 9 негізгі, 7 бастауыш, және 1 кешкі ауысым мектебі. Сонымен қатар, мектептен тыс 2 саз мектебі, тәрбие жұмысы орталығы, Жас туристер орталығы, 8 балабақша, 6 жеке балабақша жұмыс жасайды.
Аудан бойынша 2019-2020 оқу жылында бітірген түлектер саны - 350, оның ішінде жоғары оқу орнына 220 түлек түсіп, колледждерге 114 түлек түсті. Әскерге 1 адам кетіп, 10 түлек жұмысқа орналасты қалғандары жұмыс іздеуде немесе жаңадан орналасып жатыр.
Аудан бойынша 18 мектептің ішінде әжетхана салынды, оның ішінде: облыстық бюджеттен бөлінген қаражат 38,4 млн теңге.
Бейнебақылау камераларын орнату мақсатында 17 мектепке облыстық бюджеттен 33,6 млн теңге бөлінді. 3 балабақшаға (Ақбота, Айгөлек, Балдырған) 5,9 млн теңге, жалпы сомасы 39,6 млн теңге бөлініп, игерілді.
Оқулықтар сатып алуға бөлінген қаражат 151,6 млн теңге, оқулықты тасымалдауға бөлінген қаражат 1,3 теңге.
Мектептерге 14 дана жылыту қазандығы және 5 дана су айдайтын насос сатып алуға бөлінген қаражат соммасы - 8,4 млн теңге. Көмір жағылатын 3 мектепке 2 мнл теңгеге 105 тонна көмір алынды. 32 тонна сұйық отын сатып алуға 8,2 млн теңге қаражат бөлініп, Кирсанов негізгі мектебіне алынды.
Мектептерді ағымдағы жөндеуге 9,2 млн, аз қамтылған отбасындағы 1263 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 17,9 млн теңге бөлініп, толықтай игерілді.
Жаңа оқу жылында аудандық мектептерге 32 жас маман қабылданды. 2020 жылы 9 айдың ішінде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 57 мұғалім несие арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, ал 80 мұғалім мемлекеттен бөлінетін көтерме жәрдемақыға қол жеткізді.
Пандемияға байланысты 2020-2021 жаңа оқу жылын 46 мектептің (8912 оқушы) 20-сы (7205 оқушы) қашықтан 26-сы (1707 оқушымен) штаттық кестеде оқытылуда. Барлық штаттық кестедегі мектептерге дизенфекциялық құралдар (тепловизор, санитайзер, залалсыздандырғыш лампалар, диахлорлар, сұйық сабын және маскалар) сатылып алынды.
Жаңа оқу жылында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы жүріп жатыр. Акция барысында 1263 оқушы көмекпен қамтылып, ол мақсатқа 24,7 млн теңге қаражат жұмсалды. (Жергілікті бюджеттен 17,9 млн теңге, демеушілік арқылы 6,8 млн теңге көмек көрсетілді.)
Мәдениет
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты аудандық мәдени-демалыс орталығы бойынша 35 мәдениет ошағы (1-аудандық мәдениет үйі, 2-ауылдық мәдениет үйі, 30-ауылдық клуб, 1- тарихи-өлкетану музейі, 1-кинотеатр), аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 51 кітапхана (1-аудандық кітапхана,1-аудандық орталық балалар кітапханасы, 4-ауылдық балалар кітапханасы, 45- ауылдық кітапхана), 1 аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебі қызмет атқаруда.
Аудандық мәдени-демалыс орталығының 33 мәдениет мекемесінде 238 клубтық құрылымдар /үйірмелер, көркемөнерпаздар ұжымдары, ұлттық- мәдени бірлестіктері/ қызмет атқарады. Оларға қатысушылар саны- 2852 адам.
Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың спортқа сұранысын қанағаттандыру мақсатында ауданда 175 спорттық құрылым, соның ішінде 46 спорт зал (1 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 41 мектеп, 1 колледж, 3 мәдениет нысандарында) жұмыс істейді.
Ауданда 10 үкіметтік емес ұйым, 10 этномәдени бірлестік және 1 кәсіподақ ұйымы тіркелген. Ауданда 1 саяси партияның аудандық филиалы өз жұмысын жүргізуде. Бүгінгі күні «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінің ауданда мүшелерінің саны 2133 құрайды.
Жастармен жұмыс:
Аудан бойынша 60 025 тұрғын болса, соның 12388 жас яғни 23%-ы жастар. Бүгінгі күні ауданда 4 жастар қоғамдық білестігі тіркелген.
«Жастарға жұмыс!» атты оқу-семинарлары өтіп, оған ауылдық округтегі белсенді жастармен қатар neet санатындағы жастар да қатысты. Жастарды жұмыспен қолдауға арналған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудандық жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа жұмыссыздық мәселесі бойынша кеңес алуға 90 жас келген болса, оның 82 тұрақты жұмысқа орналасты, 85 жас «Жастар тәжірбиесі» арқылы уақытша жұмысқа орналасты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2020 жылы көтерме жәрдемақы алған жастар саны 62 жас маман, үй алуға немесе үй салып алуға несие алған жастар саны 53 адам.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында кәсіптік оқуға жолданып, несие алғандардың 30 пайызын жастар құрайды. Олар әртүрлі мамандықтар бойынша оқытылып, өз кәсіптерін ашуда.
Биыл аудан жастарының үш әлеуметтік жобасы әрқайсысы 500 мың теңгенiң грантын иеленді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағында аудан бойынша шілде-қыркүйек айлары аралығында 61 жас жұмыстанды.
Инвестициялық жобалар
- «World Green Company » ЖШС қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін Мичурин ауылдық округінде салуда. Жобаның құны 13 млрд. теңгені құрайды.
- Рубежин ауылдық округінде жылына 30,0 млн кірпіш шығаратын «134» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Жобаның құны – 1,2 млрд. теңге.
Белес ауылдық округінде, виртуалды деректерді сақтау және орналастыру орталығының құрылысы, интернет платформаларды орналастыру және қызмет көрсету, "Дата центр" Орал технологиялық паркінің есептеу орталығы, "LLY "AGRO-ENERGY" ЖШС, қуаты 225 Мвт, құны 9,5 млрд. тенге.
Январцев ауылдық округінде қуаттылығы жылына 13000 тонна, "Bayston" ЖШС көтерме тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасының құрылысы.
Белес ауылдық округінде қуаттылығы 50 мың тонна сұйық метанол және жылына 137 мың тонна дизель отынының компоненті бар "Zhaik Petroleum LTD" ЖШС сұйық метанол өндіретін зауыт құрылысы. Құны 220,0 млн АҚШ доллары.
Махамбет ауылдық округінде қуаттылығы жылына 200 бірлік, құны 860 млн. теңге болатын "Батыс Трейлер" ЖШС жартылай тіркеме техникасын өндіретін зауыт құрылысын жоспарлануда.
Қазақстан мен Ресей шекарасында "Сырым" логистикалық орталығының құрылысы Самара-Шымкент тас жолы бойында "СП СЫРЫМ" ЖШС-і. Құны 300 млн. теңге.
Аудан бойынша 8 елді мекенін газдандыру үшін ЖСҚ жасалды:
Кирсанов – құрылыс құны – 143,8 млн.теңге
Красный свет – құрылыс құны – 123,6 млн.теңге
Павлов – құрылыс құны – 61,3 млн.теңге
Владимировка – құрылыс құны – 44,0 млн.теңге
Горбунов – құрылыс құны – 42,9 млн.теңге
Мирное – құрылыс құны – 36,3 млн.теңге
Кіші Шаған – құрылыс құны – 23,2 млн.теңге
Поливное – құрылыс құны – 21,2 млн.теңге
Жасақталған жобалық-сметталық құжаттама:
Дариян ауылындағы екі екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Нысанның сметалық және инфрақұрылым мен абаттандыру соммасы – 327,7 млн. теңге.
Янайкин ауылында су құбырының құрылысы жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Нысанның сметалық және инфрақұрылым мен абаттандыру соммасы – 503,7 млн. теңге.
Январцево ауылында су құбырының құрылысы жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Нысанның сметалық және инфрақұрылым мен абаттандыру соммасы – 468,1 млн. теңге.
Щапов ауылдық округі Жаңатаң ауылында су құбырының құрылысы жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды. Нысанның сметалық және инфрақұрылым мен абаттандыру соммасы – 170,6 млн. теңге.
Махамбет, Дариян, Рубежин және ауылдарының су құбырлары құрылысын және қайта құрылыс жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.
Мичурин округі Жамбыл ауылындағы 308 орындық мектеп құрылысы бойынша сараптаманың оң қорытындысымен жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Нысанның сметалық соммасы – 1 734,0 млн.тг.
Махамбет, Егіндібұлақ ауылдық клуб ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап, экспертиз алынды.