Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өткеннен кейінгі қызметтердің көрсетілген саны

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өткеннен кейінгі қызметтердің көрсетілген саны

    2023 жылғы 1 шілдеде АХАТ органдарының функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға берілген  болатын. АХАТ функциялары берілгеннен кейін қызмет көрсету жүйесі, өтініштерді қабылдау және өңдеу тәртібі өзгермейді.

     Болашақ жас жұбайлар бұрынғысынша АХАТ арқылы некеге тұруға өтініш бере алады. Одан бөлек, өтінімдерді электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Өтініш неке күніне 15 күн алдын берілуі керек екенін ескеру қажет. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады.

    Сонымен қатар Орал қалалық АХАТ бөлімінде  қызмет алушыларға арналған «Өзіне-өзі» қызмет көрсету бұрышы ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы қызмет алушылар өз өтініштерні тез әрі қолайлы бере алады. Бұрышта интернетке қосылған компьютер жабдығы,өтініштерді толтыру барысында қызмет алушыға көмек қолын созып,түсіндіретін арнайы маман бар. Сондай-ақ, аудандық ХҚКО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторына және ашық әкімдікке жүгінуге болады.

   2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына өткеннен кейінгі азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша Бәйтерек  ауданы бөлімінде халыққа көрсетілген мемлекеттік қызметтер санына тоқталсақ:

 

Қызмет түрі

Барлығы

ХҚКО

eGov.kz

Тікелей

Бала тууды  тіркеу

80

6

70

4

Неке қию

12

4

6

2

Түзету енгізу

14

12

0

2

Қайтыс болу

44

3

40

1

Неке бұзу

9

2

0

7

Қайталама куәліктер, анықтама

95

90

5

0

 

Дата публикации
31 августа 2023
Дата обновления
31 августа 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

16 октября 2026
Батыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясының ақпараттық хабарламасы.
16 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлау туралы ақпараттық инфографика.
13 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы