Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік сала

Бәйтерек ауданы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы 01 қаңтардағы атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты мәселелері: масылдықты жеңу, кедейлік проблемаларын шешу, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, табысы аз және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық жұмыспен қамтуға тарту болып табылады.

Бүгінгі күні ауданда Жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жағдай келесідей сипатталады:

-экономикалық белсенді халық 32872 адамды немесе аудан тұрғындарының жалпы санының 53,4% құрайды (61533 адам);

- әр түрлі қызмет саласында 31863 адам жұмыс істейді.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға 3552  адам өтініш білдірді.

Жұмыссыз ретінде есепте тұрғандар – 700 адам.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 267 адам жіберілді.

Жұмыспен қамту органдары арқылы 1276 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына – 86 адам жолданды.

Жастар тәжірибесіне – 128 адам жолданды.

2024 жылдың 01 қаңтардағы аудан бойынша – 1223 жаңа жұмыс орны құрылды, немесе жоспардың 129 % құрайды (948 жұмыс орны).

Аудандағы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 2,1 %.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы азаматтардың өтініштері бойынша 29 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 1143,7 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын 33 мүгедек баланың ата – аналарының біреуіне 2110,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

2024 жылғы 01 қаңтар айына 66 отбасына 349 адамға 24282,5 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 55 отбасына 99 балаға қосымша 2996,3 мың теңге сомасында КӘП төленді.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 712 адамға 36846,0 мың теңге, өкпе ауруына шалдыққан 78 адамға 11471,3 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 73 адамға 2518,5 мың теңге, гемодиализ препаратын қабылдайтын 26 адамға 4485,0 мың теңге, АИТВ – инфекциясы 13 адамға 672,7 мың теңге, мүгедектігі бар балаларға емделуге 182 адамға 9418,5 мың теңге, әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждықтарға – 569,3 мың теңге сомасына 11 адам, табиғи апаттар мен өрттен зардап шеккен 6 отбасына 1035,0 мың теңге, қызыл волчанка 2 адам – 103,4 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді,   Ауған соғысының 46 қатысушыларына  8220,0 мың теңге,  Таулы Қарабахтағы соғыс қатысушысы 57 адамға 9460,0  мың теңге.

         Жеңіс күніне орай азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 363 ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне 15360,0 мың теңге төленді, 19 Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысушылар мен мүгедектігі бар адамдарға 3320,0 мың теңге төленді, Чернобыль АЭС, Ауған соғысында қайтыс болған қатысушылардың 18 отбасына 1920,0 мың теңге, Чернобыль АЭС аумағынан көшірілген 2 отбасыға 320,0 мың теңге, 13 Семей ядролық сынақ полигонына қатысқан мүгедектігі бар адамдарға – 2240,0  мың теңге, коммуналдық қызметтер 3 ҰОСА (узник, блокадник) – 379,5 мың теңге сомасына, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 18 жасқа дейін 192 мүгедектігі бар балаларға  – 3840,0 мың теңге төленді. Жалпы сумма – 112179,2 мың.тенге, 1814 адам.

Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 1834 адамды құрайды, оның ішінде:  1 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 227, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 667, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 716, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 50, 16-дан 18 жасқа дейін 1 топ – 34 адам, 2 топ – 73 адам, 3 топ – 67 адам.

 Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын реттеу, олардың қоғамда өмір сүруі мен тең мүмкіндіктер жасауы мақсатында 2024 жылдың 01 қаңтардағы 13 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі маманымен, 1 адам жеке көмекші қызметтімен, 527 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 44 адам кресло-арбамен, 133 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 166 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен және 68 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.

Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрамында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай–ақ мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін үш әлеуметтік бөлімше жұмыс жасайды.

2023 жылдың басынан бері 501 адам, оның ішінде 19 мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдар, 482 қарттар мен мүгедектігі бар адамдар қызмет алады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің штатында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 85 әлеуметтік қызметкер бар.

 

Бөлім басшысы                                               Б.Халденов

Документы
Шешім
18 марта 2026
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім
30 января 2025
«Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бәйтерек ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 8-8 «Бәйтерек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Келісім
25 июня 2024
«Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бәйтерек ауданының әкімдігі, жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған АУДАНДЫҚ КЕЛІСІМ
Новости
Полезные материалы
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы» КММ азаматтық қызмет бойынша бос лауазымдық жұмыс орындарына конкурс жариялайды
2026 жылғы 28 сәуірде "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат" тақырыбында "Ашық есік күні" өтті
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты
Медиагалерея
2
Мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі топтарды есепке алғанда, халық үшін инфрақұрылым нысандарының және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі. Жалпы талаптар.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы