АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
Алғабас ауылдық округі – Аумағы-128,3 мың га. 2025 жылғы 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халық саны - 1758 адамды құрайды. Аула саны – 386.
Ауылдық округ 1963 жылы құрылған. Құрамына 4 елді мекен кіреді. Алғабас ауылы, Тегісжол елді мекені, Жаңажол елді мекені, Қарағай елді мекені және Тоған елді мекеніні кіреді.
АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ АППАРАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Округ әкімі аппараты 1997 жылы құрылды. Штат саны - 12, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 5 (1 ауылдық округ әкімі, 3 бас маман, 1 жетекші маман).
Округ әкімі аппаратының ғимаратының жағдайы апатты жағдайда, күрделі жөндеуді немесе қайта салуды қажет етеді. Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты 1969 жылы салынған, 2006 жылы күрделі жөндеуден өтті.
Инвестиция көлемі
Ауылдық округ бойынша 2024 жылы тартылған инвестиция көлемі 262 млн. 079 теңге.
Ауыл аманаты
«Ауыл аманаты» бойынша 3 жоба мақұлданып, қаражаты алынды. Оның екеуі жеке кәсіпкер болып тіркеліп 8 600 000 (ірі қара бордақылау мен қой өсіру бағытында)теңгеден несие алды, біреуі АӨК болып тіркеліп 11 000 000 теңге (сүт бағытындағы ірі қара малы) несие алды.
35 жасқа дейінгі жастарға арналған бағдарлама бойынша 2 ауыл тұрғыны несие алды. Алған несие мөлшері 5 млн және 4 млн 550 мың теңге.
Ауыз су
Округ бойынша халықтың 95% ауыз сумен қамтылған. Су құбыры 2006 жылы орнатылды. 2022 жылы су мұнарасы жаңартылды. Алғабас ауылының әлеуметтік нысандарына және 1941-1945 ж Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алу монументі орналасқан саябаққа техникалық су кіргізілді.
Мәдениет
Округ бойынша 5 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб жұмыс істейді. Алғабас мәдениет үйі 2013 жылы күрделі жөндеуден өтті. Штат саны – 6 адам. Жаңажол ауылдық клубы 1961 жылы салынған ғимарат. Ғимараттың жағдайы аппатты, күрделі жөндеуді немесе қайта салуды қажет етеді. Штат саны – 6 адам.
| Мекен жайы | БҚО Ақжайық ауданы Алғабас ауылы Орталық 1 |
| тел | 87113693387 |


