GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Меню
Страницы
Contacts
About Department
Press Center
Documents
Feedback
Activity
Все материалы
17 октября 2023
БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСІ ӨТТІ

12 қазан күні аудандық білім беру бөлімінің кеңесі өтті. Оған мектеп директорлары, мектепке дейін және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде жылдық білім сапасының көрсеткіші туралы айтылып, оны Жанар Жұмалиева баяндаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы Гүлнұр Есенбаева айтып берді. Сонымен қатар мектептерде әскери-патриоттық және спорттық шаралардың ұйымдастырылу жағдайы хақында Маркс Нұфтағалиев баяндады. Сондай-ақ аудан мектептерінде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен оқу процесінің ұйымдастырылуы мен суицидтің алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуі жөнінде Замзагүл Макишева айтып өтсе, А.Ерназарова діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары туралы жайында баяндап берді.
Ал бас маман Айжан Испенбетова Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуы туралы айтып өтті.
Сол сияқты ағымдағы мәселелер орын алды. Ол, яғни жылыту маусымын ұйымдастырудың дайындығы болды.
Кеңес соңында қаулы қабылданып, онда оқушылардың білім сапасын «Білімді ұлт» жобасында көрсетілгендей 58% пайызға аяқтау қажет және осы деңгейден асу үшін мектептердегі жұмыс қарқыны күшейтілу, барлық білім беру ұйымдарында салауатты және таза орта қалыптастырылып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға таралуына жол бермеудің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілу, білім білім ұйымдарында оқушыларды патриоттық тәрбиеге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейтін шаралардың маңызы зор, сондықтан осы бағыттағы жұмыстар ауқымды түрде өткізілу, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың білім мен тәрбие қажеттіліктерін сәтті жүзеге асыру барысындағы жұмыстардың маңызы арттырылу, білім беру ұйымдарындағы оқушылардың ата-аналары мен педагог кадрларының тиімді ынтымақтастығы жүзеге асырылып, соның ішінде бірлескен құқықтық-тәрбие жұмысы дұрыс ұйымдастырылу және 25 қазан — Республика күніне орай аудандық және мектепішілік іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоғары деңгейде ұйымдастырылу керектігі бекітілді.

Аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты