Мектеп парламентінің президентін сайланды. Теректі ауданынң білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Білім беру ұйымдарында 19 қазан күні Мектеп парламентінің президентін сайлауы өткізілді. Сайлаушылар 1-11 сынып оқушылары. Мектеп парламентінің президентіне кандидат ұсыну құқығы 7-10 сынып оқушыларына тиесілі болды Мектеп парламентінің президентін сайлауды ұйымдастыруды, өткізуді және дауыс беру құқықтарының сақталуын бақылауды мектептің өзін-өзі басқару мүшелерінің қатарынан құрылған сайлау комиссиясы жүзеге асырды. Сайлау комиссиясы құрамы мен оның төрағасы сайлау комиссиясының бірінші отырысында сайланды. Сайлау комиссиясы сайлауды өткізу тәртібін, сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу ережелерін және сайлаудың басқа да негiзгi аспектілерін айқындады. Сайлау комиссиясының әрекеттері мектеп директорымен келісілді және мектеп Жарғысына қайшы келмеді. Сайлауды бақылаушы ретінде 7-11 сынып оқушылары, ата-аналар, педагогтер болды. Бақылаушылар саны 5-тен 7-ге дейін. Дауыс беру қорытындылары хаттамамен ресімделді. Хаттамаға Сайлау комиссиясының барлық мүшелері мен тәуелсіз бақылаушылар қол қойды. Мектеп парламенті Президенті салтанатты жағдайда (ұлықтау рәсімінде) ант қабылдайды. Сайланған Президентке оның мектеп парламентінің президенті болып сайланғаны туралы куәлік беріледі және ол өз міндеттеріне кіріседі.