2024 жылдың 1-2 ақпан күндері Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№3 орта мектебі» КММ-де 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы. Олимпиадаға қаламыздын мектептерінің 5-сыныптарынан 42 оқушы, 6-сыныптарынан 34 оқушы, барлығы 76 оқушы қатысты.
1-2 февраля 2024 года в КГУ «Средняя школа №3» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай прошел городской этап Республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 5-6 классов. Целью и задачами олимпиады являются выявление и развитие творческих способностей и интереса обучающихся общеобразовательных учреждений к познавательной деятельности, создание необходимых условий для поддержки одаренных детей, а также пропаганда научных знаний. Олимпиада проводилась по общеобразовательным программам по следующим предметам: математика, естествознание, казахский язык и литература, русский язык и литература, казахский язык в школах с русским языком обучения, русский язык в школах с казахским языком обучения, английский язык, история Казахстана. В олимпиаде приняли участие 42 учащихся 5-х классов, 34 учащихся 6-х классов, всего 76 учащихся.
2023 жылдың 3 қараша күні Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "№3 орта мектебі" КММ-де бастауыш сынып мұғалімдері арасында "Алтын тұғыр" олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру. Олимпиада екі бөлімнен тұрды: 1 бөлім - "Дұрыс жауапты таңдау", 2 бөлім-"Бос орынды толтыру". Олимпиадаға қаланың 6 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломдар мен грамоталармен марапатталды. Жеңімпаз "Алтын тұғыр" олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады. Барлық мұғалімдерді марапаттарымен құттықтаймыз!
3 ноября 2023 года в КГУ «Средняя школа №3» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай состоялся городской этап олимпиады «Алтын тұғыр» среди учителей начальных классов. Цель олимпиады: повысить стремление учителей начальных классов к достижению выскоих результатов в профессиональной деятельности, развитие творческого потенциала и совершенстование педагогического мастерства учителей, повышение статуса профессии педагога. Олимпиада состояла из двух частей: 1 часть - «Выбор правильного ответа», 2-часть «Заполни пробел». В олимпиаде приняло участие 6 учителей начальных классов города. По результатам олимпиады все участники были награждены дипломами и грамотами. Победитель примет участие на областном этапе олимпиады «Алтын тұғыр». Всех учителей поздравляем с наградами!
Күзгі демалыс🍂
🔰”Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде “Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз” атты іс-шаралар ұйымдастырылуда.
🔰 1 “А” сынып оқушылары “Күз көрінісі” сурет салу және оқулыққа арналған бетбелгі жасады.
Сынып жетекшісі: А.М.Рүстемова
#күздебізжалықпаймызкітапоқимыз кітапоқимыз#оқуғақұштармектеп
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐
🔰 2-7 сынып оқушыларының “Зерде” Республикалық шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсының облыстық кезеңнен мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Ардакова Айзере математика бағыты бойынша 1 орын иегері, жетекшісі Ошекеева Маржан Алихановна. 4 "Ә" сынып оқушысы Сламбекова Еркеназ экология бағыты бойынша 3 орын иегері атанды. Жетекшісі Куанышбекова Гульжан Куанышбековна.
🔰Оқушыларымызға білім жолында қанаттары талмай, биік шыңдарды бағындыра берсін деп, ал қаламыздың мәртебесін көтеріп, дарынды оқушыларымызды тәрбиелеп оқытқаны үшін ұстаздарымызға Алғыс білдіреміз!
2023 жылдың 1 қазанында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "Балалар музыка мектебінде" жұмыс жоспарына сәйкес, жылда дәстүрге айналған әдістемелік күн өтті.
Әдістемелік күнге қатысқан әрбір оқытушы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, оқытылатын пән бойынша көрнекіліктермен баяндама оқыды.
Баяндамалар келесі тақырыптарды қамтыды:
«Работа с учащимися средних классов над развитием технических навыков»
Домбыра сыныбының оқытушысы - Жаманова А.Т.
«Развитие технических навыков»
Фортепиано сыныбының оқытушысы - Ларшина Т.Н.
«Развитие вокально-хоровых навыков на уроках хора» «Вокально-интонационная работа на уроках сольфеджио»
Топтық тәртіптегі сольфеджио пәнінің оқытушысы - Юркина Е.Д.
«Формы и методы воспитания духовных ценности детей на уроках музыкальной литературы», «Чтение нот с листа на уроках сольфеджио в младших классах»
Топтық тәртіптегі сольфеджио, муз.әдембиеті пәндерінің оқытушысы - Жұмабаева К.Ж.
«Аспапта ойнау техникасын менгеру»
Қобыз аспабының оқытушысы - Базарова Н.С.
«Вокальные техники и приемы»
Вокал сыныбының оқытушысы - Кайрат А.С.
«Взаимосвязь технического и музыкального развития пианиста»
Фортепиано сыныбының оқытушысы - Лобкова Л.В.
«Күрделі формадағы шығармалармен жұмыс»
Домбыра сыныбының оқытушысы - Рамазанова М.Ш.
"Основы обучения на уроках баян в начальных классах"
Баян аспабының оқытушысы - Зайцев В.Ф.
Ағымдағы жылдың 1 қазанында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "Балалар музыка мектебіне" қаламыздың №1 ЖББОМ 2 сынып оқушылары танымдық экскурсияға келді.
Экскурсия барысында мектептің оқытушылары Балалар музыка мектебінде қандай мамандар жұмыс жасайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және әрбір аспапқа жеке-жеке тоқталып, толық мәліметтер берді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, балаларды музыкаға баулып жүрген рухани мекемеден оқушылар тамаша әсер алып, көңілді қайтты.
#республиккүні
Ағымдағы жылдың 24 қазанында Балалар музыка мектебінде "Республика! Ерікті ел – Қазақстан!" атты Республика күніне арналған концерт өтті. Аталған іс - шарада БММ оқытушылары мен оқушылары өнер көрсетіп, көрермендерді патриоттық сезімге бөледі.
Республика! Ерiктi ел — Қазақстан,
Келдi ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келдi алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бiр мәз арыстан!
28 қыркүйек қазақтың әр буын ұрпағының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткен ұлы туындылардың авторы, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер – Мұхтар Әуезовтің туған күні.
Осыған орай Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Әлем таныған Әуезов.Әуезов әлемі» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып, қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегі арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту,дарынды балаларды анықтау.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді.
Байқауға Курчатов қаласының №1,№2,№3 жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
Нәтижесінде, өнерде алдына жан салмайтын, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып,озып шыққан білімді де талантты оқушыларымыз:
Сахналық қойылым кезеңі бойынша №1 жалпы білім беретін орта мектептің 5-сынып оқушылары 1-орын иеленіп облыстық кезеңге өтті,ал осы номинация бойынша №2 жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары 2-орынға ие болды.
Сурет байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы Орынбекова Айым 1-орын иеленіп , облыстық кезеңге өтті.
2-орын № 2 жалпы білім беретін орта мектептің 8«Б» сынып оқушысы
Куянбаева Жансель,3-орын № 1 жалпы білім беретін орта мектептің 9-сынып оқушысы Амангелдин Темірлан .
Эссе жазу байқауы бойынша 1-орын № 2 жалпы білім беретін орта мектептің 10-сынып оқушысы Джуманбаева Аяулы, 11сынып бойынша1-орынды №1жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Кусаинова Аида иеленіп, облыстық кезеңге өтті.
Жас ақындар байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта мектептің 7«А» сынып оқушысы Тілеутай Нұрәділ 1-орын иегері облыстық кезеңге өтті.
Хабарландыру
Курчатов қаласының білім беру ұйымдарында 2023 жылдың қыркүйек айының 11 нен бастап 30 дейін Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін орындау үшін Қамқоршылық кеңес құрылады:
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 8.
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 10.
-Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 3 орта мектебі» КММ, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 3.
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Курчатов қаласы, Абай көшесі, 50.
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласының білім бөлімінің «Музыка мектебі» КМҚК, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі ,
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 15.
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» КМҚК, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11.
- Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласының білім бөлімінің «Журавушка» балабақшасы» КМҚК, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 30.
Қамқоршылық кеңестің кандидаттары мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
3) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, соттылығының болмауын растайтын құжаттар.
ОБЪЯВЛЕНИЕ
Во исполнение Типовых правил организации работ Попечительского совета и порядка его избрания в организациях образования города Курчатов формируется Попечительский совет с 11 по 30 сентября 2023 года:
- КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 1» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Тәуелсіздік, 8.
- КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 2» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Тәуелсіздік, 10.
- КГУ «Средняя школа № 3» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Олимпийская, 3.
- КГУ «Средняя общеобразовательная школа №4 » отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Абая, 50.
- КГКП «Музыкальная школа» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. , Курчатов 3.
- - КГКП «Дом детского и юношеского творчества» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Олимпийская, 15.
-- КГКП «Детский сад « Куншуак» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Олимпийская, 11.
-- ГККП «Детский сад « Журавушка» отдела образования города Курчатова управления образования области Абай, город Курчатов, ул. Олимпийская, 30.
Кандидатам Попечительского совета необходимо предоставить следующие документы:
1) заявление (в произвольной форме);
2) копию документов, удостоверяющего личность кандидата;
3) резюме на казахском и русском языках;
4) копию документов о наличии образования (при наличии);
5) документы, подтверждающие отсутствие суимости и коррупционных правонарушений, выданные территориальными подразделениями Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.