"Балалар музыка мектебіне" қаламыздың №1 ЖББОМ 2 сынып оқушылары танымдық экскурсияға келді

"Балалар музыка мектебіне" қаламыздың №1 ЖББОМ 2 сынып оқушылары танымдық экскурсияға келді

Ағымдағы жылдың 1 қазанында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "Балалар музыка мектебіне" қаламыздың №1 ЖББОМ 2 сынып оқушылары танымдық экскурсияға келді.
Экскурсия барысында мектептің оқытушылары Балалар музыка мектебінде қандай мамандар жұмыс жасайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп және әрбір аспапқа жеке-жеке тоқталып, толық мәліметтер берді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, балаларды музыкаға баулып жүрген рухани мекемеден оқушылар тамаша әсер алып, көңілді қайтты.