28 қыркүйек қазақтың әр буын ұрпағының қиялын әуелетіп, көңілін тербетіп, ойын тереңдетіп, өрісін кеңейткен ұлы туындылардың авторы, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер – Мұхтар Әуезовтің туған күні.

         Осыған орай Курчатов қаласының №2 жалпы білім беретін орта мектебінде «Әлем таныған Әуезов.Әуезов әлемі» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.

  Байқаудың мақсаты: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып,  қазақ халқының  ұлт ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз еңбегі арқылы балалардың дүниетанымын кеңейту,дарынды балаларды анықтау.

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді.

  1. М.Әуезов шығармаларынан сахналық қойылым.
  2. «М.Әуезов шығармалары суретшілер көзімен» суреттер байқауы
  3. «Заңғар жазушы ізімен...» номинациясы – эссе жазу байқауы(10,11 -сынып)
  4. «Мұхтарға жыр арнау бір бақыт...» номинациясы - жас ақындар байқауы.

Байқауға Курчатов қаласының №1,№2,№3 жалпы білім беретін мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысты.

  Нәтижесінде, өнерде алдына жан салмайтын, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып,озып шыққан білімді де талантты оқушыларымыз:

Сахналық қойылым кезеңі бойынша №1  жалпы білім беретін орта   мектептің      5-сынып оқушылары 1-орын иеленіп   облыстық кезеңге өтті,ал осы номинация бойынша №2 жалпы білім беретін орта  мектеп оқушылары 2-орынға ие болды.

Сурет байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  6 «А» сынып оқушысы  Орынбекова Айым 1-орын иеленіп , облыстық кезеңге өтті.

2-орын № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  8«Б» сынып оқушысы

Куянбаева Жансель,3-орын № 1 жалпы білім беретін орта  мектептің  9-сынып оқушысы Амангелдин Темірлан .

Эссе жазу байқауы бойынша 1-орын № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің  10-сынып оқушысы Джуманбаева Аяулы, 11сынып бойынша1-орынды №1жалпы білім беретін орта  мектеп оқушысы  Кусаинова Аида  иеленіп,  облыстық кезеңге өтті.

Жас ақындар  байқауы бойынша № 2 жалпы білім беретін орта  мектептің        7«А» сынып оқушысы  Тілеутай Нұрәділ 1-орын иегері   облыстық кезеңге өтті.