Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
Сауалнама сілтемесі: https://m.egov.kz/survey
Құрметті Қақақстан Республикасының азаматтары!
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасымен Атырау облысы Қызылқоға және Мақат аудандарының ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес бірлескен «Атырау облысы Қызылқоға және Мақат аудандарының шекараларын өзгерту туралы» бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы мен Атырау облыстық мәслихаты шешімінің жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.
Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6822152