GOV.KZ – Single platform for the digital resources of government agencies

Меню
Страницы
Documents
Press Room
Contacts
About the Department
Activity
Feedback
Все материалы
16 августа 2024
Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: Атырау облысы Құрылыс, Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Заридзе Ж.Г.

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2040 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2024 жылғы 14 тамызынан бастап 28 тамызына дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылдың 28 тамыз).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853;  8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz   

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: o.melnik@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

- «WhatsApp» номері: 8 701-847-2853 

СЭБ бойынша  материалдар:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтында.

01 августа 2024
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Басқарманың ережесін бекіту бойынша мақсатында «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулы жобасы жасақталып, Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланғандығын хабарлаймыз.

            Аталған қаулы жобасына ескерту және (немесе) ұсыныстар келесі сілтеме бойынша енгізу мүмкін:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15143409

29 июля 2024

Социальные сети
Меню подвал
State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты