ХАБАРЛАМА
Жеке және заңды тұлғалардан 2020 жылдың 10 айында түскен өтініштері бойынша
2020 жылдың 10 айы ішінде Құрманғазы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 1113 өтініш түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2019 жылдың 10 айында – 1441 өтініш) 328-ге кеміп отыр.
Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені – 317 (2019 жылдың 10 айында – 326 ).
2020 жылдың 10 айында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан - 8, электронды үкімет порталынан - 43, «Нұр Отан» партиясынан – 3, Құрманғазы аудандық прокуратурадан -4 өтініш. Аудан әкімінің блогына өтініш түскен жоқ.
Қаралған барлығы 1113 (түрлері бойынша 1029- өтініштер, 6- шағым, 78- басқалары) 434 -не заң шеңберінде тиісті түсінік берілді, 6 өтініш қанағаттандырылудан бас тартылды, қалған 82-сі қаралуда, 591-і оң шешілді. Оң шешілгендердің 7-еуі тұрғын үй, 497-сі жер, 3-еуі құрылыс, 28-і әлеуметтік, 3-еуі коммуналдық, 4-еуі білім, 1-еуі кәсіпкерлік, 2-еуі жұмыспен қамту, 1-еуі ауыл шаруашылық, 26-сы басқа да мәселелер бойынша жазылған өтініштер.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің басым көпшілігі тұрғын үй бөлу- 59, коммуналдық-шаруашылық- 23, еңбек және жұмыспен қамту -20, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 59, білім және оқу ақысын төлеу –15, жер және жерді пайдалану – 784, денсаулық сақтау - 5, кәсіпкерлік - 18, құрылыс - 13, ауыл шаруашылығы – 2, ономастика-3, басқа да мәселелермен- 112.
Үстіміздегі жылдың 10 айында аудан бойынша барлығы - 5 қайталама өтініштер түсіп, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есеге кеміген (2019 жылы - 31).
Есептік кезеңде аудан басшылығымен барлығы 12 қабылдау өткізіліп, 55 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Оның ішінде 3 азаматтың мәселесі оң шешілді (коммуналдық шаруашылық – 1, басқа мәселелер - 2). 51 –заң шеңберінде түсінік берілді, 1- қаралуда.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 30 қазанында «Ашық әкімдік» орталығында «Бірыңғай қабылдау күні» өткізіліп, 2 ұжымдық мәселемен , 4 жеке тұрғын мәселесімен қабылдауда болды. Қабылдауға барлық дербес бөлім басшылары, жауапты мамандар қатысып тұрғындарға жан-жақты түсінік берді.