ТАҒАЙЫНДАУ

Жарияланған күні: 15 шілде 2025

2025 жылғы 13 шілдеде Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде

 

Қапашев Дархан Қапсихұлы Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

1981 жылы 3 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

 

Білімі жоғары. 2004 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін  тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 2001 жылы Атырау қаласындағы «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-да күзетші болып бастаған.

 

2004-2005 жылдары Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі.

 

2005 жылдың наурыз айынан күні бүгінге дейін Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.

 

Отбасылы.

 

«Amanat» партиясының мүшесі.