Индерде ашық аспан астындағы «Димаш төбе» тарихи мұражайының құрылысы жүруде
«Димаш төбе» мұражайы Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Индер-Қарабау тас жолының бойында орналасқан. Өткен жылдың желтоқсанда басталған құрылысын 2025 жылы маусымда аяқтау жоспарланған.
Жоспар бойынша ашық аспан астындағы музейде өңірдің тарихи жәдігерлері, археологиялық олжалар мен мәдени мұралары көрініс табады.
Құрылыс жұмыстарын «СК Лира» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Бүгінде құрылысқа 4 техника мен 12 адам жұмылдырылған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
