Құрылым
Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды орындайды:
1) Мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) Мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Мекеменің құрылымы мен штаттық санын анықтайды және бекітеді;
4) Мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметінен босатудың негіздерін анықтайды;
5) Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
6) Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен оған жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК
1) Кәсіпорын қызметінің мәні жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босату саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
2) Кәсіпорын қызметінің мақсаты жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босату, болып табылады.
3) Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
«Астана-Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Астана-Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құқықтық нысаны: жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Астана қаласы әкімдігінің 06.04.2006 ж. № 08-10-891қ қаулысымен құрылған Құрылтайшысы: Астана қаласы әкімінің аппараты.
ЖШС қызметінің мәні жылу энергиясын өндіру, беру және тарату болып табылады.
Электрондық мекен-жайы: astana-ornek2022@mail.ru
«Өркен қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Серіктестік қызметінің негізгі түрлері:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібімен көзделген қатысу тетіктерін іске асыру:
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуден өткізу;
- лифтілерді жөндеу және ауыстыру.
2) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін толтыру мақсатында тұрғын үй қорын түгендеу.