Жалпы ақпарат

Ахметжанова Бақыт Амангелдіқызы
Ахметжанова Бақыт Амангелдіқызы

Астана қаласы мәслихаты аппаратының басшысы

Мәслихат туралы

Астана қаласының мәслихаты туралы   

Астана қаласының мәслихаты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елорда халқының еркін білдіретін және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылайтын өкілді орган.

Мәслихат өз құзыреті шегінде елорданың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді, қала бюджетін бекітеді және оның орындалуын бақылайды, жер қатынастарын, әкімшілік - аумақтық орналастыру мәселелерін реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының номаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауына жәрдемдеседі.

Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, олардың қарауына мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер сессияда бекітілетін мәслихат регламентінде айқындалады.

Қызмет бағыты