Жиі қойылатын сұрақтар

1) мәнінің пішіннен басымдығы — нақты және өлшенетін нәтижесінің оған қол жеткізу бойынша жұмыс пішінінен басымдығы;

2) әдепкі бойынша цифрландыру — мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимылының басымдығы;

3) басқарушылық жауапкершілік — нақты басшының құзыреті аясына кіретін мәселелерді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге және келісуге жол бермеу;

4) үздіксіз жетілдіру — бюрократияны қысқартуды, жүйелік реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау;

5) регламенттеудің оңтайлылығы — мемлекеттік органдардың қызметін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткіліксіз негізделген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.