Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметі Агенттіктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен тәуелсіз, Агенттіктің төрағасына тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде әрекет ететін Агенттіктің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
ІАҚ қызметінің негізгі мақсаты Агенттіктің төрағасына Агенттіктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге жәрдемдесу, агенттікті тиімді басқаруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну, тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.