«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» заңға сәйкес Агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділігі деңгейін арттыру болып табылады.
Осы бағыт шеңберінде:
Бұдан басқа, алдын ала іс-әрекетті қадағалау іс-шараларының кешені іске асырылуда, ол қаржы ұйымдарының қауымдастықтарымен: Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының қауымдастығымен, «ФинТех» қазақстандық қауымдастығымен және басқа да кәсіби қоғамдастықтармен ынтымақтастықты қамтиды. Аталған өзара іс-қимылдың мақсаты – анықталған проблемаларды талқылау және оларды шешу тетіктерін әзірлеу.
Қорғаудың тиімді жүйесі құқық қолдану практикасының пәрменді шаралары және тұтынушылық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған алдын алу шаралары жүйесі негізінде құрылады. Бұл үшін тұтынушыларға құқықтық білім беру, ақылға қонымды тұтыну дағдыларын үйрету, ақпараттандыру және консультация беру жүргізіледі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың ұтымсыз іс-әрекеттерімен байланысты проблемаларды шешуге тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын және хабардарлығын арттыру, оларда тұтынудың ұтымды модельдерін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар бағытталған.