Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сақтандыру секторы

Агенттік қызметі сақтандыру нарығын реттеу мен дамытуға, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және сақтандыру жүйесіне деген сенімді қолдауға, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, сақтандыру нарығына қатысушылардың қызметі үшін тең құқылы жағдайлар жасауға және Қазақстанның сақтандыру нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған.

САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАДАҒАЛАУ

ТАРАТУ ПРОЦЕСІ

РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ТІЗІЛІМІ

ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТЕСТІЛЕУ

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

СТАТИСТИКА

Қаржы секторының көрсеткіштері:

Қаржы секторына шолу

CАНКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

Документы
НҚА жобасы
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына міндетті сақтандыруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы
Агенттік қаулысы
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының сақтандыруды реттеу және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы 2026 жылғы 12 қазандағы № 140 қаулысы
Қаулы жобасы
02 октября 2026
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының цифрлық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қол жеткізуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының жобасы
Новости
Полезные материалы
Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
Қазақстандықтарға инвестициясы бар зейнетақы аннуитеті ұсынылады
Қазақстанда сақтандыру нарығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы талқыланды
Медиагалерея
0
Президенттің тапсырмасы: сақтандыру секторын дамытудың негізгі бағыттары дөңгелек үстелде талқыланды
События
15 февраля
Сақтандыру секторын қадағалау саясатының 2022 жылға арналған негізгі басымдықтары талқыланды Қайта оралу
19 июля
Сақтандыру секторы мәселелері бойынша тоқсан сайынғы кездесу өткізу туралы
12 августа
Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның брифингі
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Егер сақтандыру төлемінің сомасы сіз ойлағандай болмаса не істеу керек? Кімге өтініш жасауға болады?

Cақтандыру омбудсманы  сақтандыру компаниясымен дау кезінде сізге көмектеседі.

Сақтандыру омбудсманы өзінің қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады, мұнда ол сақтандыру ұйымдары және оның клиенттері (сақтанушылар, сақтандырылушылар және пайда алушылар), сондай-ақ сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды (даулы оқиғалар) реттеуді жүзеге асырады. Негізгі міндеттер тараптар арасындағы әділ, жан-жақты,  объективті қарау және әділ, заңды шешім шығару болып табылады.

Сақтанушылар (пайда алушылар), сақтандырылушылар арасындағы өзара қарым қатынастарды  сақтандыру омбудсманы ӨТЕУСІЗ жүзеге асырады. Сақтандыру омбудсманының институт Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Сақтандыру омбудсманының қызметі туралы жан-жақты ақпаратты мынадай сайттан алуға болады http://www.insurance-ombudsman.kz, электрондық почта бойынша office@omb.kz, не телефон бойынша (727) 382-41-74. Офистің тұрғылықты мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлбеков к-сі 28/7, территория «Бай – Тал» ТК аумағы, 2-қабат.

ЕСБД сақтандыру есептерін алушы кім бола алады?

Бірыңғай сақтандыру дерекқорды (бұдан әрі - СБДҚ) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым «Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңы 7-бабының   2-1-тармағына сәйкес  «Мемлекеттік кредиттік  бюро» АҚ болып табылады.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы Заң) 82-бабының 1-тармағына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, бұдан басқа:

- СҚ туралы заңда және №177 қаулыда көзделген тәріппен сақтандыру есептерін беруге;

- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру есептерінде қамтылған ақпараттың ашылуына жол бермеуге міндетті. 

СҚ туралы заңның 80-бабының 4-тармағында сақтандыру есебін алушылардың толық тізбесі айқындалды, оларға мыналар жатады:

- Ұлттық Банк (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 1) тармақшасы);

- Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері бойынша заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы);

- дерекқор субъектілері (сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы) (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы);

 - ҚР АК-тің 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар (СҚ туралы Заңының 80-бабы 4-тармағының 8) тармақшасы). 

СҚ туралы Заңның 80-бабының 4-тармағында көрсетілмеген өзге тұлғаларға СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілмейді.

 ҚР АК 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында көрсетілген, СБДҚ-дан ақпарат беруге рұқсат етілген тұлғалар мыналар болып табылады:

- сақтанушының (пайда алушының) өкілі – нотариус куәландырған сенімхаттың негізінде;

- анықтау және алдын ала тергеу органы – оның жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша;

- сот –  соттың ұйғарымы немесе қаулысы негізінде оның жүргізуіндегі істер бойынша;

- прокурор – өз құзыреті шегінде оның қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;

- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты – прокурордың санкциясымен.

Осылайша, ҚР заңнамасына сәйкес, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттары туралы СБДҚ-дан ақпарат алу үшін тиісті тұлғалар «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-қа мына мекенжай бойынша хабарласуы қажет: Алматы қаласы, Әйтеке би к., № 67 үй, тел: 8 (727) 352-75-70.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін сақтандыру компаниясының уақытша әкімшілігінен алуға бола ма?

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларының 11-тармағына сәйкес уақытша әкімшіліктің қолданылу мерзімі ішінде ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және оларды орындауға, оның ішінде ұйымның кез келген нысандағы кредиторлық берешекті өтеуді қоса алғанда, міндеттемелерді орындауына, ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауға байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және ҚР азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарсы біртекті талаптарды есепке жатқызуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы заң) 69-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін.

СҚ туралы заңның 72-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бiрiншi кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады.

Осылайша, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап сақтандыру төлемін тарату комиссиясы заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы