Меню

Страницы

Статья

«Жақсы ауданы Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ЕСЕП

«Жақсы ауданы Терісаққан ауыл әкімінің аппараты» ММ

2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

ЕСЕП

     

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі әрекет етуші министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетеді.                                                                                                     

         2025 жылы «Жақсы ауданы Терісаққан ауылы әкімінің аппараты» ММ   мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

           Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат (ережелері, қосымша үлгілері) бар стендтер орналастырылған.                                           Барлық қызметтер бойынша түсініктемелерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (кеңесшілер) хабарласу арқылы алуға болады.          Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Терісаққан ауыл әкімінің интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін  реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.              «Цифрлық құжаттар әрқашан қолжетімді» e-gov mobile  баннер орнатылды.         Тұрғындар арасында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы үшін ауыл әкімі аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда азаматтар электронды мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.   2025  жылы «еgov» бұрышы бойынша 40 мемлекеттік қызмет алынды.         Әлеуметтік желілерде (Faсbook, Instagram) мемлекеттік қызметтің 6 түрі бойынша Ережелер орналастырылған. Аудандық «Жақсынский вестник» газетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 мақала жарияланды.          2025 жылы мемлекеттік қызметтерді қолданушылардан шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ.

Барлық сұрақтар бойынша jaqsy_tersakan@aqmola.gov.kz электрондық мекен-жайға және 8 (71635)-33-4-08, 33-3-83 телефон бойынша хабарласуға болады.

           Терісаққан ауыл әкімі                                                              Е.Кенесова

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Report

Сейчас читают

Information
26 июня 2026
The Regional House of Culture at the Department of Internal Policy, Culture, Language Development and Sports of the Zhaksyn district held a seminar-meeting on combating corruption and compliance with the norms of the Code of Ethics
07 апреля 2026
On March 31, 2026, the director of the State Enterprise on the Right of Economic Management “Zhaqsy Su Arnasy” under the Akimat of the Zhaksynsky District of the Akmola Region, Zeynalov Ya.R., carried out explanatory work with the team on the prevention and non-admission of corruption
02 апреля 2026
On April 2, 2026, a meeting of the Commission on juvenile affairs and protection of their rights under the akimat of Zhaksy district was held

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

State of the Nation Address of the President of Kazakhstan
Website of the President of Kazakhstan
Website of the Prime Minister of Kazakhstan
Digital transformation concept
Life situations
National symbols
Terms and explanations
Central communications service under the President of the RK
Screen Reader
Құпиялылық саясаты