«Степногорск тау-кен-химия комбинаты» ЖШС әсер етуге экологиялық рұқсат алу үшін әзірленген жобалық құжаттама топтамасы бойынша ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. Қоғамдық тыңдауларға мынадай құжаттар ұсынылады: «Ластаушы заттардың жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жобасы», «Қалдықтарды басқару бағдарламасы», «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы», «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары».