«Қазахалтын» ЖШС-і үшін II Октябрьское поле «Ақсу» кен орнының «Ақсу» кенішінде («Қазақалтын» ЖШС-нің «Ақсу Фаза-2» ЗИФ-тің ұсақтау-сұрыптау кешенін жаңғырту жөніндегі ҚОӘБ-ті (РООС) ескере отырып, Ақмола облысында қолданыстағы ұсақтау-сұрыптау кешеніне жаңа жабдық орнату (сметалық құжаттамасыз)) жобасына әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған материалдар («Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы», «Қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы», «Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы», «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы») ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігін хабарлайды. Қоғамдық тыңдаулар 2026 ж. 13 наурызда: 1)сағат 10:00-де Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Ақсу кенті, Набиев көшесі 26, Әкімдік ғимараты мекенжайы бойынша өтеді; 2) сағат 15:00-де Ақмола облысы, Степногорск қ.а., Заводской кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, 15 (Әкімдік ғимараты, 2 қабат) мекенжайы бойынша өтеді.