2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
«Мықты отбасы –мықты ел» отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс.
|
1045,0 тыс.тг. |
«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 Жарлығы |
Степногорск қаласының отбасылары, оның ішінде көп балалы отбасылар, жас отбасылар, жастар |
Отбасы мен неке туралы жағымды имиджін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыру, көп балалы аналар мен отбасыларды қолдау |
|
2 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс |
1661,5 тыс.тг |
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы
|
Халық, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдары, жұмысшы жастар
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен адалдыққа тәрбиелеу
|
|
3 |
«Жасыл ел» жобасы |
16981,3 тыс.тг. |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы |
Жастар
|
Степногорск ауданының аумағын тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша уақытша, маусымдық жұмыстарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар жастар еңбек жасақтарын құру.
|
|
4 |
Радикалды діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультациялық-сауықтыру көмегін көрсету |
11521,0 тыс.тг |
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңы. |
Радикалды және деструктивті діни идеялардың ықпалына түскен тұлғалар |
Деструктивті діни идеялардың ықпалына түскен адамдарға консультациялық-сауықтыру көмегі. |
|
5 |
Волонтерлік бастамаларды қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс "Мен-волонтермын!». |
2220,0 тыс.тг |
2024 жылғы 12 қаңтардағы 2024-2026 жылдарға арналған ҚР волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы |
Еріктілер, жастар |
Жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту |
|
6 |
Нашақорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс |
1000,0 тыс.тг |
"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 508 қаулысы (Үкімет бекіткен 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспар) |
Жастар |
Есірткі заттарын пайдалану тәуекелдері туралы жастардың хабардарлығын арттыру, заттардың заңсыз айналымы үшін салдарларды, тәуелділік пен жауапкершілікті түсінуді арттыру. |
|
7 |
"Біртұтас ел - біртұтас ұлт" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы |
1045,0 тыс.тг |
№ 2022-22-35-2.2 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясының шешімі. Қазақстан Республикасы Президентінің ҚХА сессиясында берілген тапсырмаларын іске асыру бойынша бақылауды бекіту туралы 1.4-тармақ |
Өңір тұрғындары |
Қоғамдағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту. |
|
8 |
Жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін оқыту бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. |
500,0 |
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы. |
Жергілікті қоғамдастық |
Құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдіру және қоғамдық бастамаларға қатысу |
|
9 |
Гендерлік теңдікті дамыту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік іс-шаралар өткізу |
523,0 |
"Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы" ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығы |
Степногорск қаласының тұрғындары |
Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу және өз құқықтарын қорғау тәсілдері туралы халықтың хабардарлығын арттыру |
2025 жылғы 01.12 жағдайы бойынша
10 желтоқсан 2025 16:55
23 желтоқсан 2025
20 желтоқсан 2025