Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Азаматтарды қабылдау орталығы

өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бұл жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

            Жан басына шаққандағы орташа табыс АӘК тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі.

            Кедейлік шегі 2021 жылдын 1 шілдесінен бастап Ақмола облысы бойынша 24940 теңгені құрайды.

            Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі: 

1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс-шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептер бойынша:

  • зейнеткерлік жасқа толуына;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты.

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе барлық еңбекке жарамды отбасы мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар, және (немесе) келесілерге күтім жасауды жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға:

  • үш жасқа дейінгі балаға;
  • мүгедек балаға;
  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке;
  • қарттар;
  • бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж.

            Шартты ақшалай көмек жалғыз басты және/немесе жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға, сондай-ақ құрамында еңбекке жарамды мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

Кімге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады?

ҚР-да атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғалар ала алады:

  • ҚР азаматтары;
  • оралмандар;
  • босқындар;
  • шетелдіктер;
  • ҚР-да тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар.

Кедейлік шегі - бұл атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін критерий ретінде белгіленетін бір адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстардың шегі.

Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?

ҚР "Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы" заңына сәйкес төмендегілердің әлеуметтік атаулы көмек алуға құқығы жоқ:

  • табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
  • еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап 6 ай бойы;
  • алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы 6 ай бойы;
  • атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап 6 ай бойы;
  • материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

            Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

            Тұрғылықты жері бойынша тіркеу болмаған жағдайда, бір елді мекен шегінде, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген күннің алдындағы алты ай ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеумен расталады:

1) Төтенше жағдайлар кезінде;

 2) өмірлік қиын жағдайды мынадай негіздер бойынша: бейімсіздену, әлеуметтік және әлеуметтік депривацияға; үйсіздік (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босату.

            Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алушылар қатарынан аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады:

            бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне;

            орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін – тиісті оқу жылы кезеңінде.

            бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде: азық-түлік жиынтықтары атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне ай сайын немесе тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек кезеңіне келетін айына жиынтықтардың жалпы санынан төмен емес көлемде тоқсанның соңғы айында бір рет беріледі;

            тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде тоқсанына бір рет ұсынылады.

            Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күнгі баланың жасына қарай айқындалады және оны тағайындау кезеңіне беріледі.

            Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін кепілдік берілген әлеуметтік пакет әрбір балаға енгізіледі:

            жылына бір рет берілетін мектеп формасының немесе спорт формасының жиынтығы;

            жылына бір рет берілетін мектеп-жазу керек-жарақтарының жиынтығы;

            оқу жылы кезеңінде оқу күндері оқу орны бойынша бір реттік ыстық тамақ;

            Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша ұсынылатын, қоғамдық көлікте тасымалдау кезінде билеттің толық құнының кемінде 50 пайызы мөлшерінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру.

            "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңға сәйкес адамға не отбасына атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда белгіленген кедейлік шегінің айырмасы түрінде отбасының әрбір мүшесіне есептегенде есептейді. АӘК тағайындау үшін өтінішті egov.kz портал арқылы жолдау қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды Мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайды. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығына барып, толық кеңес ала аласыз.

            АӘК отбасының әрбір мүшесіне табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - ынан төмен адамдарға тоқсан сайын тағайындалатынын еске сала отырып, яғни әрбір 3 ай сайын ақпарат қайта тексеріліп, қайта есептелінетінін айтамыз.