Аудан әкімінің білім күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің білім күнімен құттықтауы

Құрметті оқушылар! Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Шын жүректен сіздерді бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!

Бірінші қыркүйек – жарқын және іс жүзінде жалпыхалықтық мереке! Бұл күні  бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндеріміз үшін мектеп қоңырауы алғаш рет соғылып, қызықты кездесулерге толы жаңа өмірлік кезеңі басталады. Жаңа оқу жылының бірінші күнін мерекелеу дәстүрі бірталай ұрпақтарды біріктіреді. Осы күнді бала бақша тәрбиеленушілерінен бастап мектепті, жоғарғы оқу орнын аяқтаған адамдарға дейін атап өтеді. Ол біздің ортақ мейрамымыз, өйткені әр істің, кез келген кәсіптің негізі – білім болып табылады. Білім адамға өмірлік жолды таңдауда сенімділік пен еркіндік, биік шыңға жету мен өз қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні отандық білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін, біз білім деңгейі жоғары ұлт болуымыз қажет» деп атап өткен.

Бүгінгі таңда білім табысты мансап пен берекелі өмірдің берік негізі.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында сапалы және қолжетімді білім алу үшін барлық жағдай жасалуда. Жыл сайын саланы қаржыландыру артуда, материалдық – техникалық база жетілдіріліп, оқытудың заманауи технологиялары енгізілуде. Біздің ортақ міндетіміз – бұл үрдісті сақтап, дамыту.

Оқып және оқытып жүргендердің барлықтарына табысты ынтымақтастық, өзара сыйластық,  оқушылар мен студенттерімізге табандылық, жаңа білімге жетуде нық сенім, ал ата-аналар мен ұстаздарға даналық, шыдамдылық, бақыт пен береке тілеймін!

 

Шортанды ауданының әкімі Гайдар ҚАСЕНОВ

Оқиға күні

01 қыркүйек 2020

Оқиға түрі

Құттықтау