ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН TELEGRAM-БОТ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Шортанды ауданының тұрғындары өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін арнайы Sailau_Aqmo_bot. Telegram-боты арқылы тексере алады.
Интернет арқылы тексеру мүмкіндігі болмаған жағдайда, 8 71631 2-14-21 телефоны бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады. Ақпарат алу үшін ЖСН-ді хабарлау қажет. Мамандар азаматтарға қай сайлау учаскесіне тіркелгені туралы да ақпарат береді.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды алдағы сайлауға қатысуға және өздерінің азаматтық құқықтарын пайдалануға шақырады.
Еске саламыз, дауыс беру күні 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығына ие.
3
27 қазан 2026 12:31
27 қазан 2026