ХАБАРЛАМА Үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру шарттары және төлем мөлшері туралы
2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуіне байланысты «Shortandy News» газетінің редакциясы» ЖШС саяси партиялардың партиялық тізімдері мен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде баспа алаңын ұсынады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, үгіт материалдары төлем мөлшері мен орналастыру шарттары жарияланғаннан кейін шарттық негізде орналастырылады. Жариялау кезектілігі материалдардың редакцияға келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет беттеріне орналастыруды редакция айқындайды.
Материалдар «Сайлау-2026» және «Выборы-2026» айдарларымен мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
Баспа алаңының құны — бір шаршы сантиметр үшін 225 (екі жүз жиырма бес) теңге.
Үгіт материалдары заңда белгіленген сайлауалды үгіт кезеңінде, газеттің шығу кестесі ескеріле отырып, редакциямен келісілген мерзімдерде қабылданады. Газетте үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні — 2026 жылғы 26 қараша.
Төлем мөлшері мен орналастыру шарттары туралы мәліметтер 2026 жылғы 27 қазанға дейін жарияланып, аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.
3
27 қазан 2026 12:14
27 қазан 2026