Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Ақмол ауылында Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Ақмол ауылындағы «Рухани жаңғыру» саябағында Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысты.

Салтанатты рәсім еліміздің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті, тәуелсіздік пен ел бірлігінің маңыздылығын айқындай түсті.

Республика күні – Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтуды бейнелейтін, ел тарихындағы маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн халықты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, отансүйгіштік рухты, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді дәріптейді. Сонымен қатар, мереке ұлттық құндылықтарды сақтау мен келер ұрпаққа аманат етудің маңызын еске салады.

 
 
Жарияланған күні

25 қазан 2026

Жаңарту күні

25 қазан 2026

Қызмет бағыты