Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет

Республика күні: туған жерге қамқорлық – ортақ міндет

Республика күні қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аппарат қызметкерлері мен бөлім басшыларымен бірге Аққайың ауылында ашылған Dara Resort экопаркінде ағаш көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан экологиялық күн тәртібі аясында табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды кеңейту және қоршаған ортаны сақтау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор.

Осы орайда шырша көшеттерін отырғызу экопарктің жасыл желегін толықтыруға және аумақты көркейтуге бағытталды.

Жарияланған күні

25 қазан 2026

Жаңарту күні

25 қазан 2026

Қызмет бағыты