Республика Күні – Ел бірлігінің нышаны

Республика Күні – Ел бірлігінің нышаны

Қазақстан Республикасының Күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты бөлім Мемлекеттік Тудың енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалуымен басталды.

Іс-шара қатысушыларына Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай құттықтау сөз арнады. Ол аудан тұрғындарын шын жүректен мерекемен құттықтап, бұл күн халықтың бірлігін, елдің өркендеуі мен тәуелсіз дамуға деген ұмтылысын бейнелейтінін атап өтті.

Сондай-ақ осы күні бірқатар азаматтарға адал еңбегі, өмірлік белсенді ұстанымы және Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс хаттар табысталды.

Іс-шараның мән-маңызын арттырған сәт – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі болды.

Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары дайындаған әсерлі концертпен қорытындыланды.

Оқиға күні

28 қазан 2025

Оқиға түрі

Құттықтау