Құрметті жас мамандар, жоғары оқу орындарының түлектері!
Сіздерге мемлекеттік қызметтегі белгілі бір бос лауазымдарға конкурстан тыс орналасу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз!
Негізгі шарттар:
Конкурс өткізілмей мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 1 жыл ішінде жүзеге асырылады;
Білім туралы диплом бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) кемінде 3,33 болуы тиіс;
Дипломдағы мамандық лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет;
Ақмола облысының аудандары мен қалаларындағы (Көкшетау қаласынан басқа) мемлекеттік органдардың бас маманы және жетекші маманы лауазымдарына конкурстан тыс орналасуға болады.
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру мүмкіндігі қарастырылған.
Мемлекеттік қызметке конкурстан тыс орналасу үшін baspasoz_kyzmet@mail.ru электрондық поштасына мынадай мәліметтерді жіберу қажет:
2026 жылы алынған білім туралы диплом және оған қосымша;
Жұмыс істегіңіз келетін аудандар мен қалалардың атаулары (Көкшетау қаласынан басқа);
Үміткердің байланыс деректері (телефон нөмірі).
Мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті жаңалықтар:
@zhazira_toqtar
@elgeqyzmet.aqmola
Қосымша түсіндірме алу үшін 8 (7162) 51-81-32 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы 2026 жылғы 01.06-05.06 аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы – Динара Құрбанбекқызы Жатаеваға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 503204, 503147 (қабылдау бөлмесі).
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Динара Құрбанбекқызы Жатаеваға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-(7162)-50-32-04, 50-31-47 (қабылдау бөлмесі).
2024 жылдың 1 қарашасыннан бастап Құрылыс саласындағы рұқсаттардың автоматтандырылған тізілімінде рұқсаттарды жүргізу, тоқтата тұру, қолданысын тоқтату (кері қайтарып алу) Қағидасы күшіне енді
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 283 бұйрығы.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабының 12-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісер алдында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарына кірісу туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Бұл үшін, Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталына тіркеліп, «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» жібере аласыз.
Хабарлама жіберу үшін, Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар, Жобалық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы, Авторлық және техникалық
қадағалау жүргізетін ұйымдар туралы ақпарат және Бас мердігер туралы мәліметтер болуы керек.
Электрондық лицензиялау порталы арқылы хабарлама жібергеннен кейін хабарламаны қабылдау талондарын алу үшін 50-31-48 жұмыс номеріне немесе Көкшетау қ., Сатпаев көшесі, 1Б, 2-қабат мекенжайы бойынша Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгінуге болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тиісті хабарлама жібермей құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 17-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Тиісті хабарлама жіберместен құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
1. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнi қабылдауды техникалық және авторлық қадағалаулармен бiрлесiп тапсырыс берушi жүзеге асырады.
2. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн тапсырыс берушi объектiнi пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады.
3. Мердiгерден (бас мердiгерден) объектiнiң дайындығы туралы хабарлама алған күннен бастап тапсырыс берушi мердiгерден (бас мердiгерден) және техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды сұратады.
Мердiгер (бас мердiгер) мен техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушiден сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды не терiс қорытындыларды ұсынады.
Орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы авторлық қадағалау қорытындысы егер бұл қолданыстағы нормалар мен қағидаларға қайшы келмесе, өнім берушілердің инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша объектіні жобалау кезінде бұрын берілген техникалық шарттарға сәйкес олар көрсететін қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі үшін негіз болады.
4. Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп, атқарушылық техникалық құжаттаманың бар-жоғы және жинақталымы тұрғысынан тексеруге, объектіні қарап-тексеруге және тиісті акт бойынша пайдалануға қабылдауға (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізуге) міндетті.
5. Бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
6. Тапсырыс берушiге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сәйкестiк туралы декларацияны, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi туралы қорытындыларды ұсыну - жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарына мердiгерлiктi орындаушылардан, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан объектiнi жобалау, салу, пайдалануға қабылдау және беру кезiнде орындаған жұмыстары үшiн жауаптылықтан босатпайды.
"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" Үлескерлерді қолдау үшін жасанды интеллект негізінде iBota чат-ботын ұсынды. Ол "Үлескерлерді онлайн қолдау орталығы" қызметінде орналасқан.
Чат-бот салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу, құрылыс салушыларды тексеру және заңнамалық нюанстар туралы ақпарат алуға көмектеседі.
Қызмет сұраныстарды өңдеу уақытын қысқартады және алаяқтық тәуекелдерін азайтады.
Қазір iBota бета-тестілеуден өтуде және оны өнеркәсіптік пайдалануға толыққанды іске қосылуы 2025 жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үлестік құрылысқа қатысушылардың ақшалай қаражатын тарту ережесі және заңнамаға енгізілген жаңалықтар туралы хабарлайды.
Үлескерлердің қаражатын тарту тәсілдері
Қаражатты тарту тек үш жолмен мүмкін:
1. Кепілдік беру Қорының кепілдігін алу;
2. Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
3. Үйдің жақтауын салғаннан кейін қаражат тарту.
Қаражат тартудың басқа тәсілдеріне тыйым салынады.
Қаражат тартуға рұқсат
Құрылыс салушы мен уәкілетті компания жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуы керек. Бұл рұқсат үйді пайдалануға бергенге дейін бүкіл құрылыс кезеңіне жарамды.
Рұқсат беру тәртібі үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру тәсіліне байланысты айқындалады:
1. Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу;
2. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін қаражат тарту.
Бұзушылық үшін жауапкершілік
Қаражат тарту тәртібін бұзу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады, соның ішінде:
- Ақпаратты ашу тәртібін бұзу;
- Дұрыс емес ақпаратты тарату;
- Жарнаманы рұқсатсыз орналастыру.
Бұзушылық үшін айыппұлдар мен әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін.
Реттеуді жақсарту үшін жаңа түзетулер
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үлестік құрылыс саласындағы бақылауды арттыру үшін өзгерістер әзірледі:
1. Салынып жатқан үйлерден үй сатып алуға алдын ала шарттарға тыйым салынады.
2. Үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін айыппұлдар ұлғайтылды (300-ден 2000 АЕК-ке дейін).
3. Қаражат тартуға рұқсатсыз жарнамаға тыйым салынады.
4. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы»ҚР Заңын реттеу саласына «аз қабатты құрылыс» ұғымы енгізілді.
Бұл шаралар үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғауға және саладағы бақылауды жақсартуға бағытталған.
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы сәуір айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Динара Құрбанбекқызы Жатаеваға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-(7162)-50-32-04, 50-31-47 (қабылдау бөлмесі).