Оспанов Арман Дәулетқанұлы
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары
Жалпы ақпарат, білімі
Ақмола облысының білім басқармасына басшының орынбасары тағайындалды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес 2026 жылғы 13-қарашадан бастап жалпы конкурс нәтижесі бойынша Оспанов Арман Дәулетқанұлы Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Арман Оспанов 1990 жылғы 30 шілдеде Ақмола облысы Сандықтау ауданы Раздолье ауылында дүниеге келген.
Мансап
Білімі – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі. 2012 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Агроинженерия» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр дәрежесін алды. 2014 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдап, магистр академиялық дәрежесін иеленді.
Еңбек жолын 2011 жылы «Столыпинское» ЖШС-де механизатор болып бастаған.
2012–2026 жылдары «Агробизнес колледжі» МКҚК-да арнайы пәндер оқытушысы, агротехникалық бөлімнің меңгерушісі, басшысының орынбасары және басшысы болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі қызметін атқарды.