Құрылым
Құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі
Құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімі "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттауды және түсіндіруді, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды, құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Степанова Наталья СергеевнаТелефон:
8 (716-2) 90-31-14Электрондық пошта:
n.stepanova@akmo.gov.kzҚаржыландыру,бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімі білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол аппаратты ұстау және бөлінген бюджет қаражатын уақтылы игеру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және Мемлекеттік сатып алу бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады, басқа бөлімдермен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын және облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етуге бағытталған өз қызметін жүзеге асырады, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнаманы қолдану практикасын қорытады, бөлім Қаржы-шаруашылық қызметін және бюджетті атқару барысында қалыптасқан қаржылық қатынастарды реттеуді, сондай-ақ білім беру ұйымдарының ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын қаражаттың қалыптасуын бақылауды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Жексембаева Махаббат БалташқызыТелефон:
8 (716-2) 90-31-38Электрондық пошта:
m.b.zheksembaeva@akmo.gov.kzҚамқоршылық,қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімі
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру, қосымша білім беру, балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру.
Бөлім басшысы:
Магавина Айгүл СағынбайқызыТелефон:
8 (716-2) 90-31-25Оқу-материалдық базаны дамыту және нығайту бөлімі
Білім беру жүйесін дамытудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге қатысу, білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуін, жылыту маусымына дайындық барысын және өткізуді бақылау, Облыстың білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту.
Бөлім басшысы:
Кабдулинов Нұржан АбайұлыТелефон:
8 (716-2) 90-31-46Жоспарлау және болжам жасау бөлімі
Жоспарлау және болжау бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – бөлім) бюджетті қалыптастыру және орындау, сондай-ақ ақылы қызметтерді іске асырудан алынатын қаражатты қалыптастыру процесінде қалыптасқан жоспарлы-экономикалық қызметті және қаржылық қатынастарды реттеуді жүзеге асыратын білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім басшысы:
Әбділманова Ғалия ӘшкенқызыТелефон:
8 (716-2) 90-31-31Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімі
Білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуға конституциялық құқықты қамтамасыз ету, студенттердің оқу жетістіктерін сырттай бағалауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, білім беру саласындағы тіл саясатын іске асыру
Бөлім басшысы:
Нуралин Нажмиден МұратұлыТелефон:
8 (716-2) 90-31-22Мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің басшысы
Білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, Орта білім алуға конституциялық құқықты қамтамасыз ету, білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру жүйесінің даму үрдістерін талдау және болжау, білім беру саласындағы тіл саясатын іске асыру, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру үшін жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Сүлейменова Әсемгүл ТулеханқызыТелефон:
8 (716-2) 90-31-17Электрондық пошта:
a.suleimenova@akmo.gov.kzҰйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмыстары бөлімі
Басқарма қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, жоғары тұрған органдар тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру, кадрлық қамтамасыз ету, еңбек заңнамасын сақтау, "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз ету,
Бөлім басшысы:
Жаркенова Әсел ӨмірзаққызыТелефон:
8 (716-2) 90-31-05Электрондық пошта:
as.zharkenova@akmo.gov.kz