МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
Құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері бар мониторинг тобы Макинск қаласының азық-түлік дүкендерінде, дәмханаларында және қонақ үйлерде рейд жүргізді. Мониторинг нәтижесінде көптеген санитарлық нормаларды бұзушылықтар анықталып, ескерту жасалды.