Макинск қаласының қоғамдық тамақтану объектілерінде карантиндік шаралардың сақталуын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Жарияланған күні: 15 маусым 2020

Аудан әкімдігінің,  Бұланды аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қызметкерлерінен құралған мобильді  топ қоғамдық тамақтану объектілерінде  карантиндік шаралардың сақталуын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Мобильді топ мүшелері жеке кәсіпкерлерге қоғамдық тамақтану объектілеріндегі,  ас дайындау бөлмесіндегі  санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екенін түсіндірді.

Алдағы уақытта, тексеріс кезінде санитарлық нормалар талаптарының бұзушылықтары  анықталған жағдайда, жеке кәсіпкерлерге қатысты Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 462-бабының 3-бөлімі бойынша хаттамалар жасалып,  материалдар аудандық сотқа қарауға жіберілетін болады.