Макинск қаласының дүкендерінде карантиндік шаралардың сақталуын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Жарияланған күні: 11 маусым 2020

Аудан әкімдігінің,  Бұланды аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қызметкерлерінен құралған мобильді  топ Макинск қаласының дүкендерінде  карантиндік шаралардың сақталуын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Көптеген сатып алушылардың бетперделері  жоқ, кейбір сатушылар мен сатып алушылардың тек аузын жауып,  оларды дұрыс кимейтіні және әлеуметтік қашықтық тың бұзылатыны анықталды. Сондай-ақ, кейбір дүкендерде бетперделер, қолғаптар  және дезинфекция жасайтын заттар жоқ.

Әрбір сауда объектісінде облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің КВИ-ның алдын алу бойынша шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы мен бетперделерді  кию алгоритмі  тапсырылды.