Жумкей Берген
Астрахан ауданының әкімі
Жалпы ақпарат, білімі
Берген Жұмкей
Жалпы ақпарат, білімі
1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген.
2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
Еңбек жолын 2008 жылы Көкшетау қаласындағы «ХҚКО» ММ филиалында инспектор болып бастаған.
2009–2010 жылдары Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2010–2011 жылдары Шортанды ауданының Шортанды кентінің әкімі қызметін атқарған.
Кейін Шортанды ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2011–2017 жылдары Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2017–2018 жылдары Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2018 жылы Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2018–2021 жылдары Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2021 жылғы тамыздан бастап Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2026 жылғы қазанда Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалған.