талдамалык аныктама
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Ақкөл қаласы 2026 жылғы 31 шілде
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісі «Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау директордың 2026 жылғы 29 маусымдағы № 25/1 бұйрығының негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
-
бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-
мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке мынадай мәселелер жатады:
-
персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау;
-
рұқсат беру функцияларын іске асыру;
-
бақылау функцияларын іске асыру;
-
шарттық міндеттемелер бұзылған жағдайда талап қою арызын уақтылы бермеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
-
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Талдау кезеңі: 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет
Кәсіпорын өз қызметін Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 қазандағы № А-10/199 қаулысымен бекітілген Жарғы негізінде жүзеге асырады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудың өзге де түрлерін қамтиды, оның ішінде:
-
көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту, орындаушылық шеберлікті және ұжымдар мен үйірмелердегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру;
-
театрландырылған, концерттік, би-сауықтық іс-шараларды өткізу, көркемөнерпаздар байқаулары мен конкурстарын ұйымдастыру, ақылы студиялар мен шығармашылық бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың өтінімдері бойынша түрлі мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
1. Персоналды басқару
Ақкөл ауданы Кәсіпорнының штаттық саны маусымдық қызметкерлерді қоса алғанда 65,5 штаттық бірлікті құрайды. Нақты қызметкерлер саны – 63 адам (жазғы кезеңде):
-
әкімшілік-басқару персоналы – 9 адам;
-
негізгі персонал – 31 адам;
-
техникалық персонал – 23 адам.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу барысында жұмыс тобы Кәсіпорын басшысына тікелей бағынысты жақын туыстардың бос лауазымдарға орналасуына байланысты үлестестік фактілерін анықтаған жоқ.
Кәсіпорын қызметкерлерін төменгі лауазымдарға ауыстыру фактілері болған жоқ. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар штатта комплаенс-офицер лауазымы көзделмеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы міндеттер қосымша жүктелген қызметкер бар, бұл өзіне жүктелген функцияларды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Ұсынымдар:
Комплаенс-офицердің штаттық бірлігін енгізу мәселесін қарастыру.
Жұмысқа қабылданатын адамдардың мүдделерін толыққанды қорғау мақсатында, оның ішінде маусымдық жұмысқа қабылдау кезінде, кадрлар бөлімі бос жұмыс орындары бойынша Мансап орталығына тұрақты негізде өтінімдер беріп, Мансап орталығы жолдаған азаматтарды жұмысқа қабылдауы қажет.
2. Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Берілген өкілеттіктерге сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асыру Кәсіпорынның құзыретіне кірмейді.
3. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Берілген өкілеттіктерге сәйкес бақылау-тексеру функцияларын іске асыру Кәсіпорынның құзыретіне кірмейді.
4. Шарттық міндеттемелердің бұзылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
2025 есепті жылы Кәсіпорын барлығы 53 шарт жасасты, оның ішінде:
-
коммуналдық қызметтер бойынша – 8 шарт;
-
физикалық күзет қызметтері бойынша – 2 шарт;
-
байланыс және интернет қызметтері бойынша – 2 шарт;
-
шаруашылық және кеңсе тауарларын, автокөлік қосалқы бөлшектерін, сахналық костюмдерді сатып алу бойынша – 14 шарт;
-
отын сатып алу (жанар-жағармай материалдары, көмір) бойынша – 4 шарт;
-
полиграфиялық қызметтер бойынша – 5 шарт;
-
өрт және күзет дабылдамаларын, бейнебақылау жүйелерін күтіп ұстау бойынша – 3 шарт;
-
қолмен ұстайтын және аркалық металл детекторларын сатып алу бойынша – 2 шарт;
-
іс-шара өткізу үшін сахнаны жалға алу бойынша – 1 шарт;
-
автокөлікті техникалық тексеру және автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша – 3 шарт;
-
ұлттық киіз үйге арналған қаптарды тігу бойынша – 1 шарт;
-
қалалық саябақтағы қарды тазалау және шығару бойынша – 1 шарт;
-
ММГ қолжетімділігін қамтамасыз ету қызметтері бойынша – 1 шарт;
-
іс-шараға әртістерді тарту бойынша – 1 шарт;
-
саябаққа күрделі жөндеу жүргізуге арналған шарттарды ұзарту бойынша – 3 шарт;
-
«1С-бухгалтерия» бағдарламасын орнату және техникалық сүйемелдеу бойынша – 1 шарт;
-
Мәдениет үйінің ғимаратына жаңа жылдық шыршаны дайындау және орнату бойынша – 1 шарт.
2025 жылы шарттық міндеттемелердің бұзылу фактілері анықталған жоқ.
Кәсіпорын өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру барысында мынадай ақпараттық жүйелер мен бағдарламаларды пайдаланады:
-
«АЕО-ИУЦ» АҚ – Кәсіпорынның даму жоспары, даму жоспарының орындалуы және жылдық қаржылық есептілік;
-
EOTINISH.KZ – жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау;
-
enbek.kz – еңбек қатынастары, оның ішінде жұмысқа орналастыру және қызметкерлердің еңбек шарттарын жүргізу;
-
goszakup.gov.kz – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы.
5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдарға келіп түскен барлық өтініштердің бірыңғай базасы болып табылатын «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе өтініштерді жолдау рәсімін барынша жеңілдетуге және сұрау салулар санын оңтайландыру арқылы оларды қарау мерзімдерін қысқартуға бағытталған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Кәсіпорынның қызметіне қатысты шағымдар түскен жоқ, басшының жеке қабылдауына жазылу болған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Мәдениет үйінің азаматтық қызметшілеріне қатысты жағымсыз жарияланымдар болған жоқ.
6. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Мемлекеттік сатып алу Кәсіпорын тарапынан мемлекеттік сатып алу веб-порталында бекітілген жылдық жоспарға, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Бұл әлеуетті өнім берушілермен тікелей байланыстарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Шарт жасасу кезеңінде белгілі бір ұйыммен шарт жасасуға басымдық беретін талаптар мен шектеулерді шарт талаптарына енгізу түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелі туындауы мүмкін.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттардың нысандары мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарт негізінде әзірленеді.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тарапынан, оның ішінде камералдық бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.
Ұсынымдар:
Кәсіпорын директорына өнім берушілермен мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысын бақылау жөніндегі комиссия құру ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылатын құжаттарға алдын ала құқықтық тексеруді тұрақты негізде жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негізділігіне бақылауды күшейту қажет.
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі осы анықтаманың 1-қосымшасында көрсетілген.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде жұмыс тобы мынадай ұсынымдар береді:
-
Кадрлар бөлімінің инспекторы бос жұмыс орындары бойынша Мансап орталығына тұрақты негізде өтінім беріп, Мансап орталығы жолдаған азаматтарды жұмысқа қабылдауы қажет.
-
Комплаенс-офицердің штаттық бірлігін енгізу мәселесін қарастыру.
-
Кәсіпорын директорына мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысын бақылау жөніндегі комиссия құру.
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеу.
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша жұмыс тобы берген ұсынымдардың орындалуына бір жыл ішінде мониторинг жүргізу.
Директор
«Аудандық мәдениет үйі» МКҚК: __________________ Шарипова С.Х.
Бас бухгалтер: __________________ Леонова С.В.
Бухгалтер: __________________ Каленова Б.Ж.
Кадрлар жөніндегі инспектор: __________________ Каптаева С.А.
1-қосымша
«Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы талдамалық анықтамасына
«Ақкөл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі
| № | Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне бейім лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|---|---|---|---|
| 1 | Директор | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес Кәсіпорын қызметіне басшылық жасау | Қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 2 | Бас бухгалтер | Бухгалтерлік есепті жүргізу және мемлекеттік мүлікті басқару бөлігінде | Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне, мемлекеттік мүлікті басқаруға, сондай-ақ бақылау функцияларын жүзеге асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 3 | Бухгалтер | Бухгалтерлік есепті жүргізу бөлігінде | Тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 4 | Экономист | Монополияға қарсы орган бекіткен қызметтер бойынша есеп жүргізу бөлігінде | Қызметтерге тарифтер белгілеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
| 5 | Кадрлар бөлімінің инспекторы | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Кәсіпорынның Жарғысына сәйкес Кәсіпорынның кадрлық есебін жүргізу | Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
28 қазан 2026 09:54
28 қазан 2026